Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 наурыз, 2020196

Казақтың экшн-киносының жаңа дәуірі басталмақ

Қазақстанда экшн-кино шығарылады. Қазір жаңа туындының алғашқы ресми тизері дайын болды.

Фильм не жайында және қалың көпшілік назарына қашан ұсынылатыны әзірге белгісіз. Тек белгілісі - фильм «Аға» деп аталады. Жаңа отандық кинокартинаға режиссерлік еткен Фархат Серкебаев болды. Атап өтейік, бұл оның алғашқы төл туындысы. Фильмнің түсірілім жұмыстары Павлодар облысында жүргізілген. Басты рөлдерді қазақстандық көрерменге кеңінен танымал болған кино және театр актері Болат Әбділманов, бұдан бұрын еш фильмде төбе көрсетпеген дебютант Азамат Ибраев,  сондай-ақ,  Ақан Сатаевтың «Рэкетир» криминалдық драмасында Руслан рөлі арқылы танымал болған актер Мұрат Бисенбин ойнайды.

Мұратқа  бұдан бөлек, танымалдылық әкелген сондай-ақ «Брак или Брат», «Томирис», «Все из-за мужикoff» сияқты фильмдер.

Жалпы, актердің қоржынында жиырмадан аса фильм мен сериал бар. Айтпақшы ертең, 12 наурыз күні басты рөлдің бірін Мұрат Бисенбин сомдайтын – «Батырлар» көркем туындысы қазақстандық прокатқа шығады.


Фото: khabar.kz

Тарихи фильм XXVI ғасырдың аяғы мен XXVII ғасырдың аяқ шеніне дейін өмір сүрген қазақтың қаһарман батыры, атақты қолбасшысы Қарасай батырдың есеюі мен батыр атанған шағына дейінгі өмірі суреттеледі. Сондай-ақ, қазақ даласын қорғау жолында нендей қиындықтарды бастан өткергені көрсетіліп, елі мен жерін басып алмақ болған жауларға қарсы күрестегі ерлігі баяндалады. Қарасаймен бірге оның сенімді серігі, досы Ағынтай батырдың да өмір жолын кинолентадан байқауға болады. 

Фильм режиссері – Асқар Ұзабаев. Бұдан бұрын ол комедия, драма, криминал сияқты жанрларда кино түсіріп келген. Ал, «Батырлар» оның тарихи туынды түсірудегі алғашқы еңбегі. Тарихи картинада Мұрат Бисенбиннен бөлек, Ержан Нұрымбет, Әшім Ахметов, Жандос Айбасов, сонымен қатар Самал Ислямовалар өнер көрсетеді.

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  Актердің жеке мұрағатынан

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы