Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 желтоқсан, 2020405

Kaztube мультимедиялық порталы YouTube күміс батырмасын алды

Елдегі маңызды интернет-ресурстардың бірі болған Kaztube мультимедиялық порталында қуанышты жаңалық. Порталдың  YouTube арнасындағы жазылушылар саны 100 мыңнан асты.  Осыған орай, видеопарталға YouTube  арнайы күміс батырмасы табысталды. 

Kaztube видеопорталының басты міндеттерінің бірі -  отандық киноиндустрияның дамуына және таралуына қолдау білдіріп, қазақ тілді контенттің өсуіне оң әсер ету. Елдегі кино әлемде орын алған соңғы жаңалықтар мен хабарландырулар, тұсау кесерлер мен премьералар жайында да дәл осы порталдан білуге мүмкіндік бар. Оған қоса, кинокартиналар туралы топтамалар мен отандық фильмдердің жеткен  шетелдегі жетістіктері туралы айтылады. 

Жақында ғана видеопортал шетелдік Netflix және Megogo жүйесінің типіне ұқсас жаңашылдықтарды енгізген болатын. Сайттан қазақстандық және қазақ тіліне аударылған сериалдар, мультфильмдер, танымдық бағдарламалар, деректі фильмдер және т.б. жобаларды тамашалауға болады. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы