Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 қыркүйек, 2020305

«Келинка Сабина 3» жаңа жыл қарсаңында көрермендерге жол тартады

Бүгін «Келинка Сабина 3» картинасының премьера күні белгілі болды. Жаңа картинасының қашан шығатынын фильм режиссері, сценарисі әрі продюсері Нұртас Адамбайдың өзі хабарлады.

«Келинка Сабина 3» - бұл алматылық ерке қыз туралы жаңа хикая. Сабина – оны шалғай ауылға қазақтың салт-дәстүрлерін үйренуге жіберген бай ата-ананың қызы. Қыз қалаға Жәнібек есімді күйеуімен қайта оралады, алайда өкінішке қарай екеуі ақыры айырыласады. Сабина бала кезден актриса болуды армандайды, бірақ қыздың ол үшін не білімі жоқ, не келбеті жарамайды. Барлығынан шаршаған әке қажетті адамдар арқылы қызының арманын ақыры орындауға тырысады. Бас кейіпкердің өмірі жақсара түскендей, алайда талантсыз актриса болу қолынан келе ме? Сабинаның өмірінде түрлі оқиғаларға толы жаңа кезең басталады. Сол себепті енді ерке қыздарын тәртіпке салу үшін ата-ана жаңа жоспар құрады.

Фильмдегі бас рөлдерді Нұртас Адамбаймен бірге көрермендерге картинаның алдағы екі бөлімінен таныс актерлер Айнұр Ильясова, Ерлан Қасымжанұлы, Есжан Хамидуллиндер сомдайды. Олардың қатарына бұл жолы Санжар Мәди, Мадина Оспанова, Қайрат Әділгерей мен Талғат Кенжеболатовтар қосылады.

«Келинка Сабина 3» отандық көрермендерге 19 наурыз күні жол тартады деп жоспарланған болатын, алайда кейін пандемияға байланысты бұл дата белгісіз мерзімге шегерілді. Енді картинаның казақстандық прокатқа шығуы жаңа жыл қарсаңына көзделіп отыр.

«Қымбатты достар, «Келинка Сабина 3» премьерасы 2020 жылдың 31 желтоқсанында өтетінін хабарлауға қуаныштымыз! Оғанға дейін барлығымыз пандемияны жеңіп, кинотеатрлар барлық көрермендерге есіктерін қайта ашады деп сенеміз!», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында картина авторы Нұртас Адамбай.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы