Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 маусым, 20201038

“Келінжан” телесериалының жалғасы түсіріліп жатыр

Халықтың сүйікті сериалы қайта көрерменге жол тартпақ. “Келінжан-2” телехикаясының түсірілімдері басталды. 

Отандық телехикаялар қазіргі таңда ерекше сұранысқа ие. Оны көрермендердің қызығушылығы мен жоба авторларының тынбай еңбек етіп, қазақстандық кинемотографистердің телеикаялар мен жобаларды үздіксіз түсіріп жатқанындығына қарап айтуға әбден болады. Елімізде кеше ғана карантин ахуалының жеңілдетілгенін естіген киногерлер өз сүйікті істеріне белсене кірісіп кеткен. Олардың қатарында түсірілім процессі кеше ғана басталған “Келінжан” сериалының ұжымы да бар. 


@Gulnur_Mamasaripova

Халықтың ыстық ықыласына бөленген отандық сериалдардың ішінде біршама танымалдылық пен табысқа  кенелген қазақстандық “Келінжан” телехикаясы кезекті екінші маусымына түсірілімдерін бастады. Бәрімізге ауылдың атмосферасын ерекше жеткізіп, отбасылық құндылықты дәріптеген, ене мен келіннің, абысын- ажынның ара-қатынасын көрсеткен телесериал көп көрерменге өзгеше ұнағаны рас. Сол себептен болар, телехикаяның жалғасын көрерменнің сұранысы бойынша түсіруді ұйғарған едік дейді картина продюсері, танымал журналист, сценарист, редактор, түрлі телевизиялық және кино продюсер Гүлнұр Мамасарипова.
“Келінжан-2” телесериалының түсірілім тобы бірінші бөлімдегі командадан құралған. Картинаға режиссерлік ететін белгілі режиссер Ернар Нұрғалиев, қоюшы оператор Рысбаев Е., суретші Шаймұрат Р. Бас продюсері “GG Cinema” продакшн жетекшісі Гүлнұр Мамасарипова. Түсірілім жұмыстары үшін геолокация ретінде Ұзынағаш, Аққайнар жері  таңдалып алынған. 


@Amangeldieva_Sara

Басты рөлдерде келіннің рөлін Сара Амангелдиева мен жұбайының рөлін жас актер әрі спортшы Дәулет Өсербай сомдайды. Ененің рөлінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” және “Парасат” ордендердің иегері, профессор, үздік театр актрисасы, Ұлттық "Сахнагер" сыйлығының иегері Лейло Бекназар-Ханинга бой көрсетеді.  Ол “Стужа”, “Бибол”, “Рауан”, Жас ұлан”, “Ана жүрегі”, “Степные рассказы начальник охраны”, “Провинциальный роман” және тағы да басқа жобаларда рөл сомдаған. Сонымен қатар, келіндердің рөлінде “Үздік актриса” атағын алған Дариға Бадыкова мен Нұргүл Мыңғатова ойнайды. Телесериалдың үздіктер қатарынан көрінуі де дәл осы актерлік құрамның жақсы таңдалып алынғанында болса керек. Ең алдымен көрерменнің назарына ілігіп, зор қошеметке ие болған абысындар рөлін сомдаған Дариға Бадыкова мен Нұргүл Мыңғатова екені рас. Оларды мұндай “коллабы”, әзілдері мен іс-әрекеттері картинаға бір сән беретіндей. Айсара рөлінде ойнайтын Дариға Бадыкова еліміздің көптеген отандық картиналар мен жобаларында бой көрсетіп келе жатыр. Белгілі франшизалық комедия продюсер Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлігімен түсірілетін “Бизнес по-казахски”, “Бизнес по-казахски в Америке”, “Бизнес по-казахски в Африке” және “Бизнес по-казахски в Корее” кинофильмдерінде өзіндік ерекше рөлін сомдайтын “Келінжанның” жұлдызы Бадыкова бүгінде танымал болып келе  жатқан “Ата-ана, бала- шаға” сеткомында басты рөлде сомдайды. Сонымен қоса, “Ва- банк”, “Гудбай, мой бай”, “Гудбай, мой бай – 2” , “Каникулы оффлайн” сияқты отандық картиналарда өзін талантты актриса ретінде танытып келеді. Ал театр және киноның дарынды актрисасы Нұргүл Мыңғатова да театр сахнасында өз көрерменінің сүйікті актрисасына айналған. “Тұншыққан сезім”, “Фатима”, “Таудағы түн”, “Қозы Көрпеш- Баян сұлу”, “Жақсы кісі”, “Мен ұмыта алмаймын”, “Карменсита” және “Келіндер көтерілісі” секілді қойылымдарда рөл сомдаған. Басты рөлді сомдайтын Сара Амангелдиева жас әнші, бұрынғы “Лашын” және “КешYOU” қыздар тобының мүшесі болған. Қазіргі таңда қазақ эстрадасындағы жеке әнші, жарық жұлдыз. Кинодағы алғашқы рөлдерінің бірі дәл осы “Келінжан” телехикаясында алды. “Я люблю тебя” кинокартинасында да басты рөлді сомдаған. 


@Dariga_Badykova

“GG Cinema” продакшн жетекшісі Гүлнұр Мамасарипова біршама картиналардың жарыққа шығуына өз үлесін қосып келеді. Олардың қатарында “Қарлығаш ұя салғанда”, “Рауан”, “Ана жүрегі” сынды отандық телехикаялар бар. Сондай-ақ, “Я люблю тебя” атты толықметражды фильм де дәл осы продакшн өнімі, бұл картинаға да Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік еткен болатын. Отандық телеарналардан жиі көрсетіліп жүрген үздік телесериалдардың бірқатары осы кинопродюсерлік орталықта түсірілген. “Хабар” телеарнасында көрерменге ұсынылған “Келінжан” картинасы табысты жоба болғанын Youtube видео платформасындағы қаралымдарға қарап- ақ байқауға болады. Алдағы уақытта сериалдың жалғасы сәтті түсіріліп, “Келінжан-2” телехикаясы да көрерменнің көңілінен шығып,  өте сәтті әрі табысты жоба боларына тілек білдіреміз!

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @Amangeldieva_Sara

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы