Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 сәуір, 2020513

«Хардкор» жайында не білесіз? 

Режиссер Фархат Шәріпов Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен әлеуметтік желідегі тікелей эфирде әңгіме өрбітті. Оның барысында кинематографшы өзі түсірген фильмдер жайында айтып берді. Солардың ішінде біз жастарға қызықты болатын «Хардкор» атты туындысы жайында айтқан бірер ақпаратпен өздеріңізбен бөліспекпіз.   

«Хардкор», негізінен, бұл автор Зара Есенаманның алматылық жасөспірімдер жайында жазған хикаясы. Туынды жастар арасындағы нашақорлық тақырыбын қозғап, өскелең ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін мектеп, дала мен отбасы арасындағы байланысты суреттейді. 

Кинокартина дәл осы аттас повесть желісі негізінде түсірілген. Шығарма жайында режиссер оны пиар жағынан қарағанда, нақты хикаясы, әлеуеті мен өзінің аудиториясы бар танымалдығы жоғары туынды екендігін айтады. Жалпы, кітап авторымен ол бұрыннан таныс екен әрі шығарманы толықметражды фильмдер түсіре бастағанға дейін оқыған көрінеді.     

«Түсірілім кезінде Зара хабарласып, кездесуге шақырды. Олар бұл кітап бойынша фильм түсіру мүмкіндігін талқылаған болатын. Маған бұл қызықты көрінді. Біріншіден, бұл бейресми жастар тақырыбында, өзіндік андеграунд. Бұл тақырып маған жақын әрі түсінікті. Сондықтан «Хардкорды» қолға алуды шештік. Алайда, «Хардкор» өте ауқымды туынды. Кітапта кем дегенде үш толыққанды хикая жазылған. Сонысымен новеллаға ұқсайды. Алайда, тұтас новелла деуге болмайды, бірақ құрылысы жағынан солай қалыптасқан. Жалпы, біз бұл тақырыпты қолға алған кезде, оның жастар мәселесін әлдеқайда кең ауқымда қамтитынын түсіндік. Сондықтан жастардың кей сезімдерін бір фильмге енгізу мүмкін емес екендігін білдік, - дейді режиссер.

Фильм мазмұнына келсек...

«Біз 90-шы жылдардың тақырыбын алдық. Бұл біздің замандастарға, яғни 80-90-шы жылғы ұрпаққа ғана жақын бола ма деген қауіп бар. Қазіргі жастардың бұл фильмді қалай қабылдайтынын білмеймін. Келесі фильмімізге біз қазіргі заманды арқау етеміз. Ондағы көтеріп отырған проблемалар осы заманға сәйкестендірілген», - дейді фильм режиссері әрі сценарий авторы Фархат Шәріпов.

Ал, фильмде өнер көрсететін актерлерге жүргізілген кастинг өз алдына бір төбе дейді режиссер.    

«Біз білім басқармасынан мектептерді аралап, сол жерлерде алдын-ала іріктеу өткізу үшін рұқсат сұрадық. Себебі, хабарландыру арқылы адам жинай алмайтынымызды білдік. Сол үшін кішігірім топты жібердік. Олар Алматы мектептерінің көбін аралап шықты. Ары қарай жүре алмадық. Өйткені бұл балалармен әлі жұмыс істеуіміз керек еді. Алматының мектептерімен қоса, колледждерді де қамтыдық. 15-16 жас аралығындағы актерлер қажет болды. Түсірілім кезінде олардың жасы шынымен де 15-те еді. Бұл олардың бірінші тәжірибесі. Алматыда бұл жастағы актерлерді табу қиын еді. Сондықтан біз бойыда тереңдігі бар адамдарды тауып,  дайындыққа кірістік. Олардың талантын ашып, алаңға ыңғайластыра бастадық. Бұл өте қиын жұмыс еді, - деп ағынан жарылды киномайталманы.    

Кәсіби актерлік шеберлігі жоқ жандармен жұмыс істеген әрине, оңай емес. Шеберліктен бөлек, камера алдында емін-еркін сөйлеу үшін де біраз уақыт қажет. Алайда, түсірілім барысында бұл қиындықтар бірте-бірте сейілген көрінеді. 

«Біз фильмге қажетті қосымша бірнеше түсірілім жүргіздік. Сол соңғы түсірілімдер кезінде біздің жас актерлеріміз көптеген кәсіби актерлерді шаң қаптырып, хикаяның тұщымды болып шығуына реңк беріп отырды», - деп мақтайды ол.    

Фильм 90-шы жылдарды қамтитындықтан, ондағы локациялардың да сәйкес болуы маңызды. Осы орайда, жоба авторы сол заманның атмосферасын қалыптастыратын қаланың ескі кейпін көрсету де оңай жұмыс болмағанын айтады. Себебі, қала образы қазір көзалмастай өзгеріп кетті. Режиссер ол кезді езу тартып еске алады.  

«Бұл тіпті қызық болды. Себебі, ол кезде Бауыржан Байбек қала әкімі болып тағайындалды. Қаланы көркейтуді мықтап қолға алған еді. Оның бұл бағыттағы істеген жұмысына тәнтімін. Түсірілімге келгенде, мүлдем басқаша. Біз ескі асфальт үшін күрестік. (жымияды) Себебі олар бірте-бірте тас төсеуіштерге ауыстырылды. Ескі дуалдар да бізге қажет еді. Түсірілімді бастар алдында ешқандай кедергілер болған жоқ. Алайда, қала әкімі іске кіріскенде, біз аз-мәз кеңестік қалпын сақтап қалған аулалардың соңғыларынан айырылып қалуымыз мүмкін екендігін түсіндік. Себебі, балалар алаңқайлары жаңартыла бастады. Ал, бізде бала әткеншекте отыратын соңғы кадр бар болатын. Маған фон келтіретін 9 қабатты үй ұнаған еді, алайда оның ауласы жаңартылған еді. Біз оны қоршап қойып, сол замандағы аулаға ұқсату  өзіміздің ескі әткеншектерімізді қойдық».

Айта кетейік, фильмде Александр Плотников пен Алексей Шиндиндер операторлық қызмет атқарса, Дина Жұмабек продюсерлік етті. Сол себепті де Фархат Шәріпов бұл жұмысты авторлық деп атамаймын дейді. 

«Маған автор ретінде «Фархат Шәріповтың фильмі» деп таңба қойған ұнамайды. Себебі бұл, расымен де, ұжымдық еңбек. Біз барлығын бірге іздейміз, бірге таңдаймыз. Тек мен  тұтас концепция шеңберінде не көріп тұрмын, сол бойынша драматургия жағынан міндеттер қоямын»,- деді кинематографшы.
 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы