Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 қазан, 2020222

Кино орталығы мен «Қазақфильм» бірлесіп,  шығармашылық кино мектебін ашпақ

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы бірлесіп, кино мектебін іске қосады. Онда қос тараптың күшімен режиссерлер, актерлер, драматургтер мен операторлар дайындалмақ. Отандық киноиндустрия мамандарын оқытатын ұстахананың бұл күні концепциясы, мақсаттары мен міндеттері және оқу бағдарламасы әзірленіп қойған. Бұл туралы кино орталығы хабарлады.  

Киномектепке келушілер «режиссура», «киноөнері», «операторлық өнер», «кинодраматургия», «монтаж»,  сияқты пәндерден қосымша білім алады. Сонымен қатар курқа қатысушыларға «Кино туралы және кинодағы 24 сағат, немесе киноөндірісінің негіздері» және «Музыкалық клип актері» сияқты екі ірі жоба аясында білім беру жоспарланып отыр.       

«Киномектеп – бұл өнердің барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған бірегей алаң. Бұқаралық жариялылық пен жаһандану заманында смартфонға ие болған әр адам медиатұлғаға айналуда. Қазір медиаконтентті құру үрдісі айтарлықтай жеңілдетілді. Осыдан он жыл бұрын оны құру үшін кем дегенде бір ай қажет болса, бұл күндері оған небары бір күн кетеді. Интернет-кеңістігі медиаконтентке толы, оның  сапасы күн санап төмендеп келеді, ал оған деген сұраныс керісінше, күн артқан сайын өсіп барады. Осы орайда, кино мектебі алаң ретінде медиаконтентті құрудың білім беру және өндірістік үрдісін қамтамасыз етпек», - делінген жобаны жасаушылардың презентациясында.       

Кино мектебінде білім алуға қызығушылық білдіретіндерге нақты талаптар бекітілген:

- курс тыңдаушыларының жасы 16-дан кем болмауы қажет;

- болашақ кинематографистің кәсіби құзыреттілікті меңгеруге деген ниеті болып, шығармашылық курстан өтуге жауапкершілікпен қарауы тиіс; 

- дәрістер мен семинарларды өткізбей, үй тапсырмасын орындауы қажет.

Курс оқытушыларына қатысты да бірқатар талаптар қойылады. Оларды іріктеумен қазіргі таңда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысуда. 

Жоба бастамашыларының айтуынша, мұндай тәсіл Кино мектебін мемлекеттік диплом беру құқығына ие болатын мемлекеттік-жекеменшік ұйым деңгейіне жеткізеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы