Размер шрифта:

Цветовая схема:

31 наурыз, 2020222

Кино саласының мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындары

Отандық киноөндіріс қазіргі кезде қарқынды дамып келеді. Өнерлі жастардың да осы саланың дамуына өз үлестерін қосуға ұмтылуда. Жас өскелең ұрпақ қайдан білім алады? Осы кезекте біз еліміздегі өнер адамдарына арналған, соның ішіндегі кино шеберлегін оқытатын жоғарғы оқу орындарына шолу жасауды ұйғардық.

Қазақстанда кино саласында арнайы білім беретін оқу орындарының саны аз болсада сапалы  білім беретін, өзіндік орны бар ірі екі жоғарғы оқу орынмен таныс болыңыздар.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Академияның тарихы 1955 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтында театр бөлімі ашылған кезден басталады. Ал 1977 жылы осы бөлім негізінде Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты құрылған. Келесі жылыдан бастап жаңа институттың өнер бөліміне алғашқы студенттер қабылданды. Отандық кино саласының майталмандарының біршама бөлігі осы оқу орынан білім алған.  Өнер академиясында кинематографияның мамандарын дайындайды. Академия аясында театр актерлері мен режиссерлерін дайындайтын дәстүрлі кино мектебі қалыптасқан.

Академия бүкіл әлемдік және еліміздің мәдениет пен өнер салансының алтын қорын құрайтын шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайды. Өзінің білім беру жүйесімен және талантты түлектерімен танымал оқу орны қазіргі кезде өнер әлемінде өзіндік орнын тапты. Бүгінде академия деп аталатын бұл оқу орны, Қазақстандағы басты жоғары шығармашылық мектеп болып табылады. Мұнда көптеген жылдар бойы жетекші мамандар театр және музыка, кино және хореография, теледидар, кескіндеме, мүсін және өнер мен қолөнер сияқты салаларда сабақ беріп келеді.

Қазіргі уақытта Академияда алты факультет бар, олар:

  1. Театр өнері
  2. Музыка өнері
  3. Хореография
  4. Кино, теледидар және өнертану
  5. Эстрада өнері
  6. Кескіндеме, мүсін, дизайн және өнер мен қолөнер.

Есімдері мен шығармашылықтары қазақ театр өнерінің шежіресіне мықтап енген білім ордасының атақты түлектеріде аз емес.

Қазақ Ұлттық өнер университеті

Қазақ ұлттық музыка академиясы 1998 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен құрылды. Қазақ ұлттық музыка академиясында білім бастауыш (1-4 сыныптар), орта (5-9 сыныптар), жоғары (1-4 курс) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) білімін қамтиды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ ұлттық музыка академиясы жаңа мәртебеге ие болып, Қазақ ұлттық өнер университеті болып өзгертілді, сол жылы университет Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жаңа ғимаратқа көшті.

Университет өкілдері Австрияда, Италияда және Ресейде өткен музыкалық байқаулардың жеңімпаздары болды. 2000 жылдан бастап Астана әкімдігі мен Қазақ ұлттық музыка академиясы «Шабыт-Шабыт» халықаралық байқауын өткізді.

ҚазҰМУ түлектері Астанадағы оқу орындары мен музыкалық топтарда жұмыс істейді (К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера театры, Мемлекеттік филармония, Республикалық ұланның Президенттік оркестрі, симфония, үрмелі, камералық оркестрлер, халық аспаптар оркестрлері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, музыка мектептері және көптеген басқа) басқалары), сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларында, жақын және алыс шетелде.

2019 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті Қазақстандағы ең үздік өнер университеттері арасында 1 орын алды.

Факультеттер

  1. Музыка факультеті
  2. Театр, кино және теледидар факультеті
  3. Дәстүрлі музыка факультеті
  4. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеті
  5. Өнер факультеті.

Жоғарыда аталған ЖОО қатар көптеген актерлік шеберлікті дамытатын өнер мектептері де аз емес. Алайда жастардың көбі жоғарғы оқу орындарынан гөрі арнайы курс оқуды жөн көреді. Арайда бұл курста алған білімдері толыққанды бола алады ма?

Алайда университеттің маңыздылығын ескергніміз жөн, және сапалы білім алуға ұмтылумыз қажет. Университеттің негізі мектеп парталары емес, сыныптар емес, оның мақсаты «сапалы және көп функционалды кадрларды» шығару. Университеттің басты ерекшелігі - кез-келген тақырыпты толығымен түсінуге деген ұмтылыс. Басқаша айтқанда, білімнің шекарасын кеңейту және қайта қарау, мәдени жадты сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу. Университет білім шығарумен айналысады және оны болашақ ұрпаққа береді. Оның негізгі құрамдас бөліктері - зерттеу және оқыту. Бұл кез-келген сыртқы критерийлер бойынша тексерілмейтін және есеп беру кестелеріне сәйкес келмейтін әрекет. Онда өзін өзі бағалау критерийлері бар.

Сондықтан болашақ мамандықты таңдаған соң сол мамандық сапалы меңгертетін білім ордасы қажет. Ал біздің кино әлемінің жас буындары осы жоғарыда атап өткен оқу орындарында өз орнын табады деген сенімдеміз.

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  talapker.online, wikipedia.org

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы