Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 қаңтар, 2021361

Киноорталық кезекті питчинг үшін өтінімдер қабылдауды бастады

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2021 жылдың 5 қаңтарынан 15 ақпан аралығында жас киногерлер үшін арнайы питчингіне өтінім қабылдайтын болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік қаржыландыруға ұсынылатын кинокарт иналарды іріктеу аспектілері мен басты критерийлері нақтылану барысында.

Үлкен кинопрокат үшін бағытталған киножобалар үшін:

Байқауға кез-келген жанрдағы кинофильмдер қабылданады. Сондай-ақ, «отбасылық кино», «балаларға арналған фильмдер» және анимациялық картиналарға назар қойылатын болады. Бұл бағыттар ең алдымен отбасылық құндылықтар мен тәрбиеге оң әсерін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Әлеуметтік маңызы бар картиналар үшін:

Қазіргі қоғамдағы негізгі әлеуметтік проблемаларды және әлі шешімін таба қоймаған әлемдік күрделі мәселелерді қозғайтын сценарийлер назарға алынатын болады. Сонымен қоса, әлеумет ұмыт қалдыратын қарапайым проблемалар: мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, оны дәріптеудегі маңызды жобалар, әлеуметтік маңызы бар мамандықтар кіреді. Бұл бағыт үшін тағы бір аса маңызды тақырып – коронавирус пандемиясы кезінде бар күш-жігерін салып аянбай еңбек еткен медицина қызметкерлерінің еңбегі де еселеніп қалуы маңызды.

Сценарий үшін тағы бір маңызды проблемаға бағытталған тақырыптардың бірі - жемқорлықты болдырмау жолдары мен оған қарсы тұру. Киножоба арқылы құқық қорғау органдарының имиджін қалыптастырып, олардың міндеттері мен мақсаттарын айқындап көрсету.

Деректі фильмдер келесі критерийлер бойынша анықталатын болады:

- Ғылыми-танымдық фильмдер;

- Қазақстандағы халықтар достығына арналған;

-Еліміздің тарихы және 2021 жылда тойланатын мерейтойлар мен маңызды даталар жайында;

- Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған киноленталар;

-Жеріміздегі киелі әрі құнды мекендер, оның ішінде Отырар қалашығы («Қазақстанның киелі географиясы» деп аталатын арнайы жобаның барысында);

-Қазақ жұртшылығы мен халқының өркендеуі мен дамуына үлкен үлес қосқан маңызды тарихи тұлғалар.

  Сонымен қатар, жоспарланған питчингте мынадай бағыттар да назарға алынатын болмақ:

- Елдегі ғарыш жүйесінің дамуы мен жетістіктерін көрсететін;

-Шетелде өздерін дәлелдеп, ел атағын жаңғыртып жүрген отандастырымыз туралы;

-Отандық құндылықты сақтап келе жатқан біздің аяулы аналарымыз, батыр әпкелеріміз бен нәзік қызғалдақтарымыз (Қарлыға, Гүлбаршын, Зылиха, Айшабибі, Рабия ханым, Зере, Хиуз, Айман мен Шолпан, Нұрила және т.б.) хақында;

Бұл жылы питчинг жаңа талаптармен де өзгеріс тапты. Мәселен, «Тарихи көп бюджетті ойын фильмдері» және «қысқаметражды фильмдері» санаттары бойынша бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру квоталар саны қысқартылып, шектеу қойылатын болады.

Сондай-ақ, дәстүрлі қысқаметражды фильмдерден бөлек, телеарналарда ротациялай отырып, жарнама ретінде көрсетіліп отыратын әлеуметтік маңызы зор қысқа метрлі роликтер кең сұранысқа ие болып отыр. Жас киногерлерге қолдау білдіру мақсатында, дебюттік кинокартиналарға да үлкен мүмкіндік берілетін көрінеді.

Сараптамалық кеңес мүшелері өтінім білдірген жобаларды 2021 жылдың 15 ақпанынан 15 наурыз аралығында қарап шығып,  сайыс нәтижесін жариялайтын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы