Размер шрифта:

Цветовая схема:

10 ақпан, 2021281

Киноорталық жобалар питчингіне өтініштер қабылдау мерзімін ұзартты

Осыған дейін біз Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жобалар питчингіне өтініштер қабылдауды бастағанын хабарлаған едік. 5 қаңтарда бастау алған науқан 15 ақпанда аяқталуы тиіс-тін. Алайда отандық кинематографшылардың кезекті байқауға қызығушылықтарының жоғары екендігін ескеріп, ұйымдастырушылар қабылдау мерзімін наурызға дейін ұзартуды жөн көрді.

Жобалар байқауына қатысып, мемлекеттік қаржыландырудан үмітті конкурсанттар байқау шарты бойынша 15 ақпанға дейін алдын-ала құжаттар пакетін тапсыруы қажет еді. Оның ішіне жоба синопсисі мен сценарийі, авторлар түйіндемелері, жоба өндірісіне сұралатын сомма және тағы басқа тиісті материалдар кіреді. Быилғы жылы кинематографшылар тарапынан кезекті киножобалар питчингіне қызығушылықтары зор болғанға ұқсайды. Мәселен, осы фактіні ескере отырып, киноорталық ұйымдастырушылық бөлімге кей түзетулер енгізді. Осылайша, өтініштер берудің бірінші кезеңінің мерзімін 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басшылығы бұл шешім қатысушыларға байқауға тапсыратын өтініштерін, сценарийлер мен басқа да материалдарды сапалы түрде дайындауларына мүмкіндік береді деп есептейді.  

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 19-ы күні кинорталық питчингке қатысуға арналған өтініштерді тапсырудың шарттарын жеңілдеткен болатын.   

Айта кетейік, жобалар питчингінде кең прокатқа бағытталған жобалар, әлеуметтік маңызы бар киножобалар, деректі кино, ірі бюджеттік тарихи ойын фильмдері және қысқаметражды фильмдер сценарийлері қабылданбақ. Бұдан бөлек, біздің заманымыздың батырлары, еліміздегі ғарыш саласының дамуы мен жетістіктері, өз саласында жетістікке жеткен шетелдегі отандастарымыз, отбасылық құндылықтарды дамытуға ерекше үлес қосқан белгілі әйелдер, аналар, ұлттық батырлар, белгілі тарихи тұлғалар (Зарина, Қарлыға, Ақжүніс, Гүлбаршын, Назым, Айман, Шолпан, Нұрила, Айша бибі, Рабия ханым, Қарқабат, Қарашаш, Зере, Айғаным, Хиуаз, Камшат, Зылиха, күрішші Жадыра және т.б.) туралы тақырыптарды қозғайтын жобалар байқауда ескерілетін болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы