Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 маусым, 2021189

Kinopark шетелдік нарыққа шықты

Ең ірі отандық кинотеатрлар желісі енді халықаралық аренада қызмет көрсететін болады.

Бүгінгі таңда  компания шетелдік серіктестермен бірнеше келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта кинотеатрлар желісі өз филиалдарын Өзбекстан және Украина елдерінде ашады деп хабарланған болатын.Қазіргі уақытта компания өкілдері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жаңа ауқымды жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылап жатыр. Ташкенттік Kinopark – тің басты ерекшелігі - өңірдегі алғашқы IMAX-кинотеатры болмақ.

Компания үшін бұл халықаралық кинонарыққа шығып, өз деңгейін көрсетудегі нақтыланған стратегияны іске асырудағы кезекті қадам болғаны рас. Бұл 15 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтарын салу туралы жаңа заңның қабылдануы аясында жүзеге асқалы отырған  Kinopark жобасы болып отыр. Алдағы уақытта компания жақсы нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, бұл тұста мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылады деп жоспарлануда. Мәселен, кино көрсетілімі үшін жабдықталған арнайы цифрлық құрылғыларын сатып алу мен орнатуға жұмсалатын барлық  шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады, бұдан бөлек, кәсіпкерлерге керекті  объектілерді тұрғызу үшін 25 сотық жер учаскесін тегін беретіні нақтыланған. Сонымен қатар, өзбекстандық кинематография агенттігі алғашқы үш ай бойы арнайы тапсырыс бойынша түсірілген ұлттық кинофильмдердің көрсетілімі тегін болады деп жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, отандық кинокомпания өкілдерінің айтуы бойынша, Өзбекстаннан бөлек, компания Украина мен Әзірбайжан сияқты елдерде кинотеатрлар ашуды жоспарлап отыр. Осы жылдың тамыз айынан бастап Kinopark кинотеатрлер желісі Киев қаласының тұрғындары үшін қызмет көрсететін болады.  Аталған елдерде отандық кинофильмдеріміз қазақ тілінде көрсетіліп, шетелдік нарыққа шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Kinopark-Kinoplexx Theatres Орталық Азия аумағындағы ең ірі кинотеатрлар желісі. Компания құрамында Қазақстанның 11 қаласында 24 кинотеатр жұмыс істеп тұр. Билеттердң сатып алу жүйесі көрермен мен келген қонақтар үшін өте ыңғайлы функция жұмыс жасайды. Осы жылдан бастап бірлестіктің шешімі бойынша компания жанынан Tiger Films арнайы бөлімшесінің негізі қаланып, кинофильмдерді түсіру бойынша қызметтер ұсынады. Жоба кинофильм түсіру, актерлерді дайындау, осы салада ақыл-кеңес беру, жауынгерлік трюктерді үйрететін арнайы өнер мектептерін ашуды көздеп отыр.

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы