Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 қазан, 2020362

Кинотеатрлардағы алғашқы отандық премьера!

Көптен күткен премьера! Кинотеатрлар ашыла сала, алғашқылардың бірі болып көрермендерге жол тартатын – «Любовь на миллион» отандық комедиясы болмақ.

Продюсер Тимур Бақтыбаев пен режиссер Олжас Ибраевтің картинасы күтпеген жерден байлыққа кенелетін қарапайым жігіт жайынан сыр шертеді. Қызға ғашық болған жігіт оның көңілінен шықпақ болады, алайда байлыққа қарамастан, кедей-кепшікке ұқсайтынын түсінеді. Сөйтіп, қыздың алдында ауқатты қоғам өкілі болып көріну үшін жігіт өзінің сырт келбетін жөндеуге кіріседі. «Любовь на миллион» кинолентасының бас рөлдерін актерлер –Жахан Отарғалиев, Дина Тасболатова, Ернар Сакупов пен Гүлнар Сильбаевалар ойнайды.

Осыған дейін картинаның премьера күндері үш рет ауыстырылды. Алғашқы кезде комедия 4 маусымда шығуы жоспарланған-тын. Алайда кейін 9 шілдеге, одан соң 7 қазанға шегерілген еді. Енді, міне, сәтін салып, үлкен экранға 26 қазан күні жол тартпақ. Айта кетейік, «Любовь на миллион» романтикалық комедиясы - киногерлердің алғашқы төл туындылары. Бұдан кейін олар бас рөлдерді Тәуекел Мүсілім, Жанель Мақажан, Айбар Таңғыттар сомдайтын «Папа поневоле» комедиясын түсірді. Картина бұдан бұрын жаңа жыл қарсаңында көрермен назарына ұсынылады деп жарияланған.    

Айта кетейік, күні кеше Ведомствоаралық комиссияның коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша селекторлық отырысында 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылданған. Ол үшін  әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін сақтай отырып, залдағы көрермендердің толығуы 30% -дан аспауы тиіс. Айта кету керек, кинотеатрлар тек «жасыл» эпидемиологиялық жағдайдағы өңірлерде ғана ашылады делінген. «Жасыл» аймаққа Қазақстанның барлық өңірлері кірді. Бұл тізімге енбеген тек Шығыс Қазақстан облысы болды.    

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы