Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 мамыр, 2020464

Кинотеатрлардағы алғашқы релиз ретінде “Базар жоқ, Мексика” фильмі көрсетілмек

Жақында елімізде кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Ал көрермендерге жол тартатын кинофильмдердің қатарында қандай картиналар бар? Кино сүйер қауым алғашқы болып қай фильмді тамашалай алады? 

Бұрын құнын қадірлей бермейтін еркіндік қазір барлығымыз үшін аса қымбат бағалы дүние болғаны анық. Далада еркін серуендеп, достарыңмен кездесіп кино тамашалаған уақытты сағынып, ол кездердің бәріміз үшін аса бағалы болып қалғаны рас. Дегенмен қазір жағдай біраз бәсеңдеп, әлем ақырындап бұрынғы режимге ауысып келе жатыр. Десе де, көпшіліктің кинотеатрлардың ашылғанын күтіп жүргені айқын. Бірақ олардың дәл қай уақытта толыққанды жұмысын бастайтыны әлі анық емес. Үлкен экраннан көрсетілетін фильмдердің тізімі әлі жарияланбаса да, көрермен назарына алғашқылардың бірі болып ұсынылатын отандық картиналардың атауы белгілі болып жатыр. Сонымен, кинотеатрлардағы алғашқы өз релизін алатын қазақстандық “Базар жоқ, Мексика” картинасы болмақ.
 

Отандық фильмдер ел шекарасынан асып, алыс шетелдерде түсіріліп келе жатыр. Америка, Африка, Дубай, Тайланд және Корея. Ал енді бұл қатардан Мексика мемлекетін де көре аламыз.
 

Картина режиссері мен продюсері Жеңісхан Момышев. Бұған дейін Жеңісхан “Бизнес по-казахски” және “Бизнес по-казахски в Америке” фильмдеріне режиссерлік еткен болатын. Оның фильмографиясы 2015 жылы “Жаңа қоныс” телесериалынан басталады. “Базар жоқ, Мексика” фильмінің премьерасы сәуірдің екінші жұлдызына жоспарланған болатын. Орын алған жағдайға байланысты кейінге қалдырылып, міне енді халыққа ұсынылатын ең бірінші картина болғалы тұр. Фильм желісі бойынша Ерлан есімді кейіпкер ауылдың жас дәрігері. Бір күні оның Мексикада оқитын сүйіктісі басқа адамға тұрмысқа шығып жатқандығын есітеді. Осылайша махаббатын құтқару үшін алыс мемлекетке жолға шығады. Жалғыз емес әрине, қасында өзінің ерекше мінезі бар досымен бірге. Шытырман оқиғалар міне осы жерден басталады. Жаңа мемлекетке келген олардың басынан қандай жағдайлар өтеді? Оны фильмде тамашалай аласыз. Басты рөлдерді Асқар Ілиясов, Олжас Абай және Қажет Смағұлов ойнайды.
 

Әлемдік кино аренасына көңіл бөлсек, қазіргі таңда көптеген басқа елдерде екі ай бойы қызметін доғарған кинотеатрлар жұмысын бастап келе жатыр. Олардың қатарында Германия, Норвегия мен Чехия елдері бар. Өзімізге көршілес Ресей мемлекетінде де қалың көрермен үшін кинотеатрлар жұмыстарын бастауды. Киноны халық сағынып қалса керек, Норвегия елінің халқы тек алғашқы екі күнде-ақ киноға билеттердің 96 пайызын сатып алған.
 

Қазақстанда да жақын күндері үлкен сауда орталықтары ашылуға қамданып  жатыр. 18 мамыр күні мейрамханалар мен тамақтану орындары келушілерді қабылдауды бастаған болатын. Кинотеатрлардың дәл қашан және қай күні ашылатыны әлі де белгісіз болғанымен, отандық киногерлер мен кинопарк компаниялары 15 маусым күндері кинозалдар ашылуы мүмкін деген болжам айтады. Осыған орай, “Базар жоқ, Мексика” фильмінің авторлары кинопарктерді қолдау мақсатында осындай құбылмалы даталарда прокатқа шығуға шешім қабылдаған еді. Яғни, бұл кезеңдердің сәтті сатылым болады не болмайтындығы барлығына белгісіз болып отыр. Қазіргі кинозалдардың басты мақсаты көрермендердің қауіпсіздігі мен киноны жақсы әрі ыңғайлы тамашалауына жағдай жасау. Бұл билік тарапынан да қойылып отырған басты критерийлер мен міндеттердің ең маңызды бөлімі болып отыр. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы