Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 тамыз, 2020441

«Композитор» фильмі Ванкуверде топ жарды

Қазақстандық және қытайлық кинематографистердің бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмі қытай киносының 8-ші Ванкувер Халықаралық кинофестивалінде топ жарды. Отандық туынды төрт бірдей жүлдеге ие болды.

Коронавирус пандемиясы Vancouver Chinese Film Festival халықаралық кинофестивальін дәстүрлі форматта өткізуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан кинофорумды ұйымдастырушылар фестивальдің жабылуы мен «Қызыл үйеңкі жапырағы» сыйлығын табыстау онлайн көрсетілім арқылы жүргізуді жөн деп шешті. Фестиваль қорытындысы бойынша режиссерлер Сәбит Құрманбеков пен Шерзат Якубтың «Композитор» картинасы «Үздік фильм», Үздік режиссер», «Үздік әйел рөлі» және «Үздік ер адам рөлі» аталымдарын жеңіп алды.

Фильмнің тұсаукесері Қазақстан мен Қытайда өткен жылы өткен болатын. Кинолента атақты қытай композиторы Сянь Синхая мен Қазақ радиосы хорының жетекшісі, компрзитор Бақытжан Байқадамовтың достықтары жайында баяндайды. Синь Синхая «Яньань және 8-ші әскер» деректі фильміне ән жазу үшін 1940 жылдары Кеңес Одағына барады. Алайда Ұлы Отан соғысы басталып, музыкант отанына қайта алмай, Алма-ата қаласында өмір сүруге қалады. Мұнда оған қазақ композиторы Байқадамов қамқорлық жасады. Фильмде екі ұлы музыканттың терең ұлтаралық достығы паш етілген. Картинадағы бас рөлдерге қазақстандық актерлер Берік Айтжанов пен Аружан Жазылбекова, сондай-ақ, Ху Цзюнь мен Юань Цуань қытайлық актерлер шақырылды.

«Композитор» кинокартинасының түгел түсірім тобын қытай киносының 8-ші Ванкувер Халықаралық кинофестиваліндегі төрт номинациядағы жеңісімен құттықтаймын. «Қазақфильм» киностудиясын, режиссерлер - Сәбит Құрманбеков пен Шерхат Якубқа жұмыстары мен маған сенгендері үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар бүкіл актерлік құрамды – біздің қымбатты кішкентай актрисамыз Ділназ Нұрсейітованы – бұл оның дебюттік рөлі, Берік Айтжановты, Алтынай Нөгербек және де Ху Цзуаньді шын жүректен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз», - деді актриса Аружан Жазылбекова.

Фильм жарық көрген уақыттан бері картина Қытай, АҚШ, Бразилия және басқа да елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерде бірнеше мәрте үздіктер қатарынан көрінді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің маңыздылын атап, оған жоғары баға берген болатын. Мұндай туындылар екі ел – Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, шығармашылықпен ортақтаса отырып еңбек етуге мүмкіндік бермек.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы