Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 шілде, 2020462

«Күшік құда» фильмінің түсірілімі аяқталды

«Күшік құда» комедиясының түсірілімі өз мәресіне жетті. Бұл туралы қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Кинода алғаш рет экстремалды жағдайда жұмыс істедім, қалай болғанда да киногерлер – бұл өз ісінің жанкүйерлері. Түсірілім алаңында талай қызықтар болды, бір кездері айта жатармын, қазір заманы емес. Бастысы біз аяқтадық, ал мен болсам, өз кейіпкерімді ұнатып қалдым – аса сүйкімді ханым. Үлкен экрандарға қашан көрсететін білмеймін, мұның барлығы ерте ме кеш пе аяқталып, киноға қайта баратынымызға үміттенемін!», - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Фильм түсірілімдері осыдан тура бір ай бұрын басталған еді. Сюжет желісі бойынша ерлі-зайыптылардың бірінің ата-анасы өз үйлерінде құдаларын паналатады. Алайда, бір шаңырақ астында сыйласу мүмкін болды ма? Оны фильм кинотеатрларға жол тартқанда біле жатармыз. Ал, бұл елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, барлығы түзелетін болса, жаңа жыл қарсаңында мүмкін болады деп жоспарланып отыр.

«Күшік құда» отбасылық фильмі комедия жанрында түсірілген. Оның режиссері - талай отандық картиналарда еңбек еткен Дархан Саркенов. Продюсері – Дастан Қалдыбаев. Фильмді таспалаушы оператор – Шерхан Таңсықбаев.

Комедияла бай құдағидің рөлін Баян Алагөзова сомдайды. Картинада сонымен қатар актерлер Қуандық Шәкіржанов, Бақыт Әліпбаева, Жан Байжанбаев, Мейірғат Амангелдин, Асқар Ілиясов пен Айым Сейітметовалар өнер көрсетеді.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы