Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 сәуір, 2020509

«Любовь на миллион» жаңа фильмінің прьемьера күні анықталды

Жаздың алғашқы қазақстандық премьерасы белгілі болды. «Любовь на миллион» - бұл продюсер Тимур Бақтыбаев пен картина режиссері Олжас Ибраевтың тырнақалды туындылары. Сәтін салса, романтикалық комедия жанрында түсірілген жаңа фильм 4 маусым күні көрермендерге жол тартады.

Ал, әзірге жоба авторлары желіде төл туындыларының постерін жариялады. Белгілі болғандай, фильмде «Красавчики до нашей эры», «My love is Aisulu» фильмдері арқылы танымал актер Жахан Отарғалиев, актриса Дина Тасбулатова, актер Ернар Сакупов пен осыдан бұрын «Я – жених», «Гламур для дур» фильмдерінде өнер көрсеткен актриса әрі КВН-шы Гульнара Сильбаевалар бас рөлдерді сомдайды.

Сюжет желісі бойынша қарапайым жігіт бір сәтте байлыққа кенеледі. Қызға ғашық болып, оған ұнағысы келеді. Алайда, қаншалықты бай болса да, қарапайымдылығы білініп тұрады. Содан, жігіт сырт келбетін өзгертуге кіріседі.

Романтикалық комедияның трейлері осыдан екі ай бұрын таныстырылған еді. Картина биылғы жылдың 21-і мамырында прокатқа шығуы тиіс болатын. Алайда, карантинге байланысты бұл дата сәл кейінге шегерілді.

Алғашында картина «Казахпайская мечта» жұмыс атауын иеленген. Алайда, фильмді қоюшылар оны «Любовь на миллион» деп ауыстыруды жөн көрген сияқты. Қалай болғанда да, картина авторлары жеңіл романтикалық комедияның көрермен көңілінен шығатынынан үмітті.

«Бұл жоба біздің алғашқы жұмысымыз. Сіздер үшін өте тырысқан едік. Картина барлығына ұнайды деп үміттенеміз», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында режиссер Олжас Ибраев.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы