Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 шілде, 2020337

Мәдениет министрі кинотеатрлар басшыларымен онлайн-кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бірнеше отандық кинотеатрлардың басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, COVID-19 індетінің өршуіне байланысты енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты кинозалдарының жағдайын талқылады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтынында жарияланды.

ZOOM платформасында Мәдениет министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшылары мен елдің ірі және шағын кинотеатрларының иелері бас қосты.

Онлайн форматта өткен кездесуге қатысқан әр қатысушы министрге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алды. Осылайша, онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысының кинотеатрлар желісінің басшысы Мунира Ягудина, «Арман» кинотеатрларының иесі Бауыржан Шүкенов, «Kinopark» кинотеатрлар желісінің басшысы Алмас Малдыбаев, сонымен қатар, Маңғыстау облысы кинотеатрының директоры Д.Айса мен Нұр-Сұлтан қаласындағы кинотеатрдың бірінің басшысы Г.Шынытбайлар сөз сөйледі.

ZOOM-да өткен онлайн-кездесуде кәсіпкерлерге мәдениет және кино саласын қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар жайы таныстырылып, түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлері мен орталық, мемлекеттік және жергілікті атқарушы билікпен бірге шешуді талап ететін маңызды проблемалық сұрақтар пысықталды. Бұдан бөлек, кинотеатрлар қызметін қолдауға қатысты шаралар мен жұмысты қайта қалпына келтірудің мерзімі сөз болды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы