Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 шілде, 2020310

«Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясы түсірілуде

Биылғы жылдың қыс маусымында Ұлттық арна жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты тарихи романының желісі бойынша телехикая түсіретінін хабарлаған едік. Міне, кейіпкерлерге кастинг өтіп, түсірілім жұмыстары да басталды.

Телехикая актерлеріне кастинг онлайн түрде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5-пен 70 жас аралығында жарияланған байқауға елдің түкпір-түкпірінен 7 мыңнан аса өтініш қабылданды.

Телехикая соғыс уақыты мен одан кейінгі жылдарды қамтитын болады. Соғыс ардегері, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың бұл туындысы өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген. Оның негізіне соғыстан аман оралған жауынгер Ербол мен жас бойжеткен Меңтайдың махаббаты енген. Фильм авторлары Ерболдың образы арқылы қазақ солдаттарының ерлігі мен батылдығын, отанға деген сүйіспеншілігі мен шынайы пәк махабатты көрсетеді. Телехикая жиырма бөлімнен тұрады деп жоспарланған. Оның режиссері – Марина Кунарова. Телетуынды Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады.

Түсірілім карантинге дейін басталған. Жұмыс барысынан түсіріліп, жарияланған фотосуреттердің астындағы жазбаға қарағанда, қазір түсірілім жұмыстары тоқтап тұр. Қалай болғанда да Ұлттық арнаның хабарлауынша, майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алатын телехикая жаңа телевизиялық маусымда «Qazaqstan» ұлттық арнасының эфирінен көрермендер назарына ұсынылатын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы