Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 маусым, 2020327

Максим Акбаровтың жаңа жобасы

Продюсер Максим Акбаров «Аферисты» деп аталатын қылмыстық телехикаяға продюсерлік етпек. Түсірілім жұмыстарымен Golden Man Media студиясы айналысуда.

Кинокартинаның сюжеттік желісі бойынша  немересі қатерлі ісікке шалдыққан адамның өмірлік жолы туралы баяндалады. Қаржы тапшылығынан қиналған ол алаяқтықпен айналысып, жылжымайтын мүлік, Интернет пен мұнайға қатысты түрлі заңсыздықтарға баратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрады.

Акбаровтың айтуынша, телехикая бірнеше бөлімнен тұратын бүтін бір фильм ретінде түсіріліп, халықты жаман істерге итермелейтін қарапайым мәселелерді қозғайды.

«Ағам Тимур Акбаров екеуміз алты бөлімнен тұратын фильмнің сценарийін жеті жыл бұрын жазғанбыз. Ол КТК арнасында жарыққа шығуы керек еді, бірақ кейбір жағдайларға байланысты жоба жүзеге асырылмады. Бірнеше жылдан кейін Дархан екеуміз сценарийге тағы бірнеше эпизод қостық», - деп бөлісті продюсер.

Фильмнің режиссері продюсермен бірге «Дала қырандары» телехикаясында бірге жұмыс істеген Дархан Төлегенов, ал операторы - Ерзат Батай, қоюшы-суретшісі Ілияс Тұрмахан болады.

«Дала қырандары» жобасы  Дарханды өте кәсіби тұрғыдан көрсетті. Мен оны болашағы зор режиссер ретінде көрдім және оны ең жақсы жас режиссерлердің бірі санаймын. Сондай-ақ біз бірге бірқатар әлеуметтік роликтермен жұмыс істедік», - деп түсіндірді Акбаров.

Продюсердің сөзіне қарағанда, жақын уақытта ол актерлер құрамын жариялайды, бірақ басты рөлдердің бірін Фархат Әбдірайымов сомдайтыны бізге белгілі. Максим Акбаровтың өзін де эпизодтық рөлден көретін боламыз.

Жоба КТК арнасында 2020 жылдың күзінде көрсетіле бастайды деп жоспарланған. 

«Аферисты» телеөнімінен бөлек, продюсер қорықшылар туралы көркем фильмді жарыққа шығарады, оның премьерасы биыл белгілі болады деп хабарлануда.

Айта кетейік, Максим Ақбаров- еліміздегі жан-жақты және талантты әртіс. Ол кино саласында біршама жанрларында бой көрсетіп үлгерген. Комедия, криминал және мелодрамаларда көптеген рөлдерді сомдап, біршама танмалдылыққа кенелген дарынды әртіс. 1985 жылы қыркүйек айының бесінші жұлдызында  Алматы қаласында дүниеге келген. Шығармашылық жолын бала кезден-ақ бастап кеткен. 13 жасынан бастап Максим балалар шығармашылық үйінде брейк-данс би түрінен сабақ береді, КТК командасында капитан ретінде ойнайды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әртүрлі деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы болып жұмыс істеген. Содан кейін Виджей қызметін атқарып, "ОбаМа" музыкалық тобын ұйымдастырды, солист болып та үлгерген. Кейін өзін режиссурада сынап көрмек болып, жарнамалық роликтер мен музыкалық клиптерді түсіре бастаған. Максим Ақбаров актерлік дебютін 2009 жылы "Обратная сторона" фильмінде болды. Кейіннен ол «Сказ о розовом зайце», «999», «Инопланетяне ни при чем», «Той любой ценой» және тағы да басқа кинофильмдерге режиссерлік еткен. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  ticketon.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы