Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 шілде, 2021126

«Мама, мен тірімін» картинасының түсірілім жұмыстары аяқталды

Алматыда «Мама, я – живая» (тікелей қазақшасы «Мама, мен – тірімін») картинасының қорытынды түсірілім жұмыстары аяқталды. Фильмнің сценарийін жазып, режиссерлік еткен киногерлер – Азизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков.

Көркемфильм балалары аса ауыр дертпен ауыратын аналарға арналған. Әлеуметтік драманың сюжеті қызына лейкемия диагнозы қойылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі әйел-инспектордың оқиғасын баяндайды. Анасының қанша күш салғанына қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмайды. Батыр ана баласынан айрылып, басына түскен қайғы-қасіретпен күреседі, бірақ оның психикалық жарасын ештеңе емдей алмайды. Содан кейін бас кейіпкер қызымен дос болған балалар үйіндегі жеткіншек жетім баланы асырап алуды шешеді. Оның бұл әрекеті оны өмірге деген қызығушылығын қайтадан оятады. Нағыз өмірді көрсететін әлеуметтік киножоба ана болудың шынайы гимні іспеттес.

– Бұл – барлық аналарға арналған әнұран. Сценарий бойынша, қыз онкологияның күрделі түрімен ауырады, анасы оны құтқаруға тырысады, бірақ, өкінішке орай, ол баласынан айырылады. Біздің картинамыз қайғыдан қан жұтқан ананың өмірге қалай оралатындығы туралы. Мен ерікті болып жұмыс істеген көптеген жылдар бойы анасының науқас баласын тастап кеткенін көрген емеспін, әдетте дәрігерлер ата-анаға бұны жиі ұсынады. Мен өзім анамды ешқашан көрген емеспін, балалар үйінде өстім, бірақ оның басқа бір баланы дүниеге әкеліп жатқанда қайтыс болғанын естідім. Маған осындай жобаны қолға алуыма түрткі болған да осы, – дейді режиссерлердің бірі Азиз Заиров.

Фильм кейіпкерлері ретінде Сұлтана Шеңгелбаева, Илья Автов, Адель Махмут, Аслаби Медеулов, Бақытжан Орынбасар қатысады.

- Мен кинода жүргеніме 20 жылдан асты, бірақ мен бұл рөлді өмірімдегі ең маңызды рөл деп санаймын. Бұл өте қиын эмоционалды рөл, бірақ, ең бастысы, ол маған қандай да бір қайғылы жағдайға тап болған кездегі ананың ішкі сезімін түсінуге көмектесті, – дейді фильмнің басты кейіпкері Сәулені сомдаған актриса Сұлтана Шеңгелбаева.

Үлкен кинодағы актерлік жолын енді бастаған жас актриса Адель Махмутова осы тәжірибесі туралы былай дейді: «Мен үшін әр эпизод –режиссерлердің маған берген баға жетпес тәжірибесі, сол үшін оларға көп рахмет! Менің кейіпкерім Мадина – позитивті және көңілді бала, бірақ оның өмірінде қиын кезең басталып, оны жеңуге тура келеді, сонда кейіпкердің көңіл-күйі де өзгереді. Осы фильм шыққаннан кейін, әр көрермен одан өздері үшін маңызды нәрсе таба алады және картинаның шарықтау шегіне таң қалады деп үміттенемін!»

«Мама, мен тірімін» – «Шексіз мүмкіндіктер» («Безграничные возможности») әлеуметтік трилогиясының үшінші және соңғы бөлімі. Трилогияның біріншісі – жеке қаражат есебінен түсірілген «Болу немесе болмау» («Быть или не быть») драмасы, екіншісі – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Қыз бен теңіз» («Девушка и море»). Айта кету керек, екі фильм де түрлі халықаралық кинофестивальдерден жүлделі орындарға ие болды, ал «Қыз бен теңіз» кино орталықтың көмегімен Берлиналадағы қазақстандық киноның стендінде ұсынылды. Осыдан кейін тағы 10-ға жуық халықаралық киноалаңдар фильмге қызығушылық танытты, оның ішінде Карловы Варыдағы беделді А тобына жататын фестиваль де болды. Сондай-ақ «Мама, мен тірімін» фильмі Ұлттық киноны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталықтың екінші питчингінің жеңімпаздарының қатарына енген.

Қазіргі уақытта фильмнің өндірісі монтаждау және дубляждау кезеңіне өтті. Драманың премьерасы 2022 жылға жоспарланған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы