Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 мамыр, 2020403

Мамыр айының туған күн иелері

Мамыражай мамыр айында отандық кино саласына елеулі үлес қосып жүрген талай жан дүние есігін ашты. Олардың бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.  

5 мамыр күні қазақстандық актриса Әсел Сағатова дүниеге келді. 

Актриса кино саласына осыдан 16 бұрын, 2004 жылы аяқ басты. Осы жылы Әсел жазушы Шыңғыс Айтматовтың қатысуымен түсірілген «Плач матери о мангурте» фильмінде рөл сомдады. Сәтті актерлік дебютынан соң, актриса жаңа картиналарда басты рөлдерде ойнай бастады. Әселдің қоржынында «Меч Махамбета», «Виола Тараканова», «Серцеедки», «Прыжок Афалины» сынды картиналары бар.

Дей тұрғанмен, актрисаға ерекше танымалдық әкелген Ақан Сатаевтың «Рекетир» драмасы болды. Содан кейін атағы арта түскен Әсел ресейлік «Ирония судьбы» картинасына шықыртылып, онда актер Алексей Чадовпен бірге өнер көрсетті. 

Ал, 2011 жылы қазақстандық актриса Тұңғыш Президент қоры жүлдесінің лауреаты атанды. Бір жылдан соң, ол ең көп сұранысқа ие актрисалар бестігіне енді. Ал, 2013 және 2014 жылдары Әсел екі жыл қатарынан «Жыл актрисасы» атағына иеболып отырды.  

Соңғы рет 2016 жылы Ақан Сатаевтың «Районы» фильмінде өнер көрсеткен актриса содан кейін тек 4 жылдан соң экранға қайта оралды. Биылғы жылдың басында қазақстандық көрермендер назарына ұсынылған Нұрлан Қоянбаевтың «My Love Is Aisulu» романтикалық картинасында Әсел бас рөлді сомдады.  

8 мамыр күні Қазақстан мен КСРО-ның танымал халық әртісі, ҚР Еңбек ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, режиссер әрі сценарист, қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов дүниеге келді. Биыл өнер иесі 83 жасқа толды. 

Танымал тұлға киноға сонау 1957 жылы келді. Оның қоржынында 30-дан аса картина бар. Студент кезінде Асанәлі Әшімов «Ботагөз» кинолентасында өзінің алғашқы рөлін сомдады. Бұдан кейін ол 1959 жылы «На диком бреге Иртыша» картинасында, 1966 жылы «Крылья песни», ал 1970 жылы режиссер Султан Ходжиковты «Кыз-Жібек» атты драмасында өнер көрсетті. Ходжиковтың бұл картинасында ол зұлым Бекежанның рөлін сомдады. Картинасы ҚазССР-дің мемлекеттік сыйлығын иеленген еді.

Актер Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» картинасында да рөл ойнады. Бұл фильм Әшімовке бірнеше жүлде әкелді. 1977 жылы ол «Транссібір экспресі» трилогиясының екінші бөліміне қатысты. Ал, 1989 жылы трилогияның үшінші фильмі – «Маньчжурский вариант» картинасында актер Қасымханды сомдады. Содан тура 20 жылдан соң Асанәлі Әшімов режиссер Қуат Ахметовтың Қасымханның жалғасы туралы түсірген  «Кімсіз, Ка мырза?» фильмінде Ка мырзаның рөлін сомдады. Ал, 2009 жылы актер «Волчий след» сериалында өнер көрсетті. 

11 мамыр күні қазақстандық актриса Мадина Есманова дүниеге келді.

Жас болса да, бас рөлдерді сомдап келе жатқан Мадина ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» мен «Теміртау» фильмдерінде өнер көрсетті. Бұл - оның үлкен экрандағы дебюттік рөлі. Осы фильмдегі рөлі үшін актриса «Славян ертегісі» фестивалінде «Ең үздік әйел бейнесі» сыйлығына ие болды. 

Бұдан бөлек, актриса «Қазақ елі. Алмас қылыш» фильмінде де қосалқы рөлдердің бірін сомдады.

14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақстандық актер Нұржұман Ықтымбаев дүниеге келді. Актер биыл 79 жасқа толды. 

Кинодағы алғашқы қадамын ол 1966 жылы жасады. Нұржұман Байжұманұлының дебюті «Қилы заман» кинотуындысынан бастау алған. Осы уақытқа дейін талантты актер талай фильмдерде өнер көрсетті. Тек соңғыларын есептегенде 20-да асып артылады. Олардың қатарында ресейлік «Ночной дозор» мен «Дневной дозор» картиналары, «Небо моего детства», «Лавэ», «Секер», «Подарок Сталину» және тағы басқа фильмдер бар. Актер француздық актер Жерар Депардьемен бірге «Поздняя любовь» атты картинада да өнер көрсетті.  

15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Ерік Жолжақсынов дүниеге келді. Актер биыл 61 жасқа толды. 
Осы уақытқа дейін Ерік Жолжақсынов 40-қа жуық картиналарда рөл сомдады. Алғашқы фильмдерінің ішінде оның «Месяц на размышление», «Невозможные дети», «Қош бол, Медеу», «Месть», «Выше гор» фильмдері бар. 

Актер қазақстандық картиналармен бірге ресейлік фильмдерде де өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Ирония любви», «Беглецы», «Серебро» сынды картиналар. Бұдан бөлек, актер «Возвращение», «Тайталас», «Қазына», «Көзайым» сияқты отандық телехикаяларда рөлдер сомдады.
Осы күні сондай-ақ, режиссер-документалист Болат Нүсімбеков туды. Режиссер биыл 65 жасқа келді. 

Болат Нүсімбетов кино саласына 76 жылы келді. «Қазақфильм» киностудиясында ол жарық беруші, кинооператор көмекшісі сияқты түрлі қызметтерде еңбек етті. 

1982 жылдан бастап ол хроникалық-деректі кино операторы болып таныла бастады. Бұдан бөлек, «Камшы» республикалық сатира журналында көркем және деректі сюжеттердің авторы әрі операторы болып қызмет атқарды. Жалпы, киностудияда еңбек еткен жылдары ол барлығы 15 көркем және деректі фильм түсірді. Олардың тақырыптары елдің мәдени және әлеуметтік өміріне арналады. 

20 мамыр күні қазақстандық актер Асылхан Төлепов дүние есігін ашты. Актер биыл 28 жасқа келді. 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын 2015 жылы бітірсе де, өнер жолын 2011 жылы студент кезінде бастады. Оның алғашқы бой көрсеткен фильмі – «Балалық шағымның аспаны» көркем туындысы еді. Дегенмен, актерге аса танымалдық әкелген оның «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай рөлі болды. 

Актер сондай-ақ, «Рэкетир 2», «Майдангер», «Қадырбектің арманы», «Шыңырау», «Томирис», «Финансист. Игра на вылет» және «Көкпар. Время стойких» фильмдерінде өнер көрсетті. Бұлардан бөлек, Асылхан «Бауыржан Момышұлы», «Сұңқар» және «Көкпар» сынды отандық телехикаяларда рөлдер сомдады. 

Дәл осы күні сондай-ақ, танымал актер Оңдасын Бесікбасов дүниеге келді. Актер биыл 58 жасқа толды. 

Оңдасын Бесікбасов 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының драма және кино факультетін бітірді. Өзінің актерлік қызметін Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» фильмінен бастап, бірден танымал болды. Актер «Көшпенділер» фильмінің байқауына келіп, үміткерлердің көптігінен сыртқа шыққан еді. Сол жерде таныс режиссер келіп, ресейліктер кастинг өткізіп жатқанын айтқан соң сонда бара салған болатын. Сөйтіп, байқаудан өтіп, бас рөлге бекітілген ол Канн кинофестивалінен бірақ шықты.  

Актер сондай-ақ, Ермек Тұрсыновтың «Шал», Талғат Теменовтың «След на воде», бұлардан бөлек, «Қазына», «Шестой пост», үнділік «Красный капитан» және тағы басқа талай фильмдерде өнер көрсетті. 

25 мамыр күні қазақстандық актер, каскадер әрі режиссер Ерден Телемисов дүниеге келді. Өнер иесі биыл 45 жасқа толды. 

Ерден кино саласына 30 жастан асқаннан кейін келсе де, осы уақытқа дейін отыздан аса отандық кинокартиналарда рөлдер сомдап үлгерді. Олардың қатарында «Мұстафа Шоқай», «Ход конем», «Томирис», «Не египте мне мозги», «Дочь Чингиз хана в ХХІ веке», «25 километр» және тағы басқа көптеген картиналар бар. Актер сондай-ақ, еліміздегі беделді каскадерлер тобына да мүше болып келеді. «Nomad Stunts» каскадерлер ұжымымен Ерден голивудтық «Воин» картинасында өнер көрсетті. Бұдан бөлек,, актер Netflix компаниясы түсірген «Марко Поло» және «McMafia» американдық-британдық жобасында рөлдер сомдады. Ал, кейінгі кезде актер өзін режиссер етінде де танытып келеді. Өткен жылы ол «Всемогущий» атты тұңғыш веб-сериалын жарыққа шығарды.

Kaztube.kz бейне-порталы мамыр айының туған күн иелерін құттықтап, зор денсаулық, шалқар шабыт пен шығармашылық табыс тілейді!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы