Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 қазан, 2020191

«Марьям» Македонияда үздік атанды

Отандық режиссер Шарипа Оразбаеваның дебюттық картинасы өзінің фестивальдік жолын жалғастырып келеді. «Марьям» туындысы қазанның 8-і мен 18-і аралығында Македонияда өткен «Kinenova-2020» Халықаралық кинофестиваліне қатысып, үздік атанды.

5-ші «Kinenova-2020» Халықаралық кинофестивалінің бас халықаралық қазылар алқасының құрамында болған Ыстамбұл кинофестивалінің директоры Керем Аян, болгариялық кинорежиссер Драгомир Шолев және осы фестивальдің қазылар алқасының президенті, польшалық атақты кинорежиссер, сценарист әрі продюсер Кшиштофа Занузи отандық киногерге «Марьям» фильмі үшін «Үздік режиссер» сыйлығын табыстады. Фестивальдің ресми сайтында қазылар алқасының «Марьям» фильміне ондағы стиль ұстамдылығы, пафос пен сентиментализмнен аулақтығы және адам табиғатының қаталдығы мен қауіптілігін суреттегені үшін марапаттағаны айтылады.

«Бұл жеңіс мен үшін тосын болды. Әсіресе фильм үшін "Үздік режиссер" жүлдесі маған ерекше ыстық. Атақты поляк режиссері Кшиштофа Занузи бастаған халықаралық жюри мүшелері фильмді жоғары бағалапты. Мариям фильмі бұл жеңіспен тоқтамақ емес. Алда Ресей тұсаукесері, Азия елдерінде Қытай, Бангладеш кинофестивальлеріне қатыспақ. Жеңістеріміз көп болады деп сенемін», - деп бөлісті Шарипа Оразбаева.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы