Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 маусым, 2020319

Marche Du Film Online Канн кинонарығы мәресіне жетті

Маусымның 22-сі мен 26-сы аралығында тұңғыш рет онлайн форматта өткен Marche Du Film кинонарығы өз мәресіне жетті.

Онлайн форматтағы шарада талай мықты жобалар ұсынылды, көптеген келісімшарттар жасалды, мыңдаған кездесулер, тұсаукесерлер мен келіссөздер өткізілді. Бұл жобалардың арасында танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи туындысы да бар.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның атынан қатысқан отандық фильм виртуалды кино нарығында сәтті түрде таныстырылып, оның нәтижесінде 10 елдің кинотаеатрларында көрсетілетін болды.

Естеріңізге салып өтейік, «Томирис» фильмін АҚШ елінде прокатқа шығару үшін американдық Arclight Films и Well Go USA компаниялары сатып алған болатын. Фильмдерді сату жөніндегі агенттік - Arclight компаниясы Cannes Marche du Film Online кинонарығында қазақстандық өнім Италия, Испания, Түркия, Франция, Жапония, Таяу Шығыс, Солтүстік Корея, Румыния, Сингапур және Ресей елдерінің сатып алғандығы туралы жария етті. Айта кетейік, фильм американдық прокатқа да жол тартады, ал биылғы жылдың сәуір айында «Томирис» картинасы түркиялық көрермендерге көрсетілген болатын.

Канн кинонарығында сонымен қатар қазақстандық режиссер Ольга Коротько да өзінің толықметражды «Пара кожаных сабо» жобасын ұсынды. Отандық жоба бүкіл әлемнен ұсынылған жүздеген жобалардың арасынан La Fabrique Cinéma du Monde бағдарламасына іріктеліп алынған болатын. Өткен жылы «Пара кожаных сабо» жобасы Азиялық кино қорының қолдауына ие болған, ал ақпан айында сценарийлерді дамыту арнайы бағдарламасы шеңберінде Берлин кинофестиваліне қатысты.

«Пара кожаных сабо» жобасы – бұл комедия жанрының элементі қосылған әйелдер жөніндегі драма. Ел Олимпиада ойындарына дайындалып жатқанда бас кейіпкердің өмірінде күтпеген жағдай орын алады: оны кезінде тастап, енді өзі де үйсіз-күйсіз қалған анасы пайда болады. Бұл – кейіпкердің кешірімге апарар ұзақ жолдың бастамасы болмақ.

Жоба идеясы оның авторына осыдан төрт жыл бұрын келген екен. Оның сценарийіне Ольга Коротько тек екі жылдан соң, өзінің «Так себе зима» атты тұңғыш көркем фильмінің тұсаукесері өткен Канн кинофестивалінде француздық продюсер Этьен де Рикомен танысқаннан кейін ғана кіріскен. Автор картинаны келесі жылы түсіруді жоспарлап отыр, ал қазақстандық премьерасын сәтін салса, 2022 жылы өткізуді көздеуде.

Қазақстанды түсірілім локацияларын алға тарту, ко-өнім негізінде жасалған жобалар ауқымын кеңейту әрі қазақстандық фильмдерді шетелге шығару мақсатында Marche Du Film Online Канн кинонарығының көптеген шараларына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы да қатысты. Елді таныстыру мақсатында мұнда «Welcome to Kazakhstan» атты арнайы онлайн парақшасы да әзірленген.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы