Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 қараша, 2021245

«Мерген» фильмі Түркия елінде қос жүлдеге ие болды

Режиссер Райымбек Әлжановтың «Мерген» қысқаметражды фильмі Түркиядағы «Golden Wheat Awards» кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық кинотуынды «Үздік режиссер» және «Үздік оператор» (Сардар Баймолдин) номинацияларында жұлдызы жанған. Бұл жайында картинаның продюсері Бану Рамазанова өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Кинотуындының сюжеті XVII ғасырдағы ұлы даладағы соғысы кезінде өрбиді. Аталған фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қоғауға бел буған Мерген есімді жасөспірім көрініс тапқан. Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы облысындағы Түрген шатқалында және «Қазақфильмнің» павильондарында жүргізілді.

«Golden Wheat Awards» – 2018 жылдың тамыз айынан бастап Түркияда тұрақты түрде өткізілетін шара. Мұны «Халықаралық кинематографиялық қауымдастығы» және кинематографистер мен режиссерлар біріге отырып ұйымдастырған. Фетиваль аясында жаңа режиссерлерді оқыту және отандық әрі халықаралық алаңдарда жетістікке жету үшін арнайы шеберлік сабақтар мен кинотренингтер мен лагерлері қарастырылған. Сондай-ақ, іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен кино әуесқойларын бір шаңырақ астында жинайды. Бұл әлемдік нарыққа шыққысы келетін кино мамандары үшін халықаралық  дәрежеде танылуды қамтамасыз ететін ресми платформа.

Естеріңізге салсақ, «Мерген» фильмі биыл Канадада өткен жанрлық киноларға арналған дүниежүзіндегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық «Fantasia» кинокөрмесі шеңберінде алғаш рет көрсетілді. Ал қазан айының соңында бұл туынды Қытайдың Шэньчжэнь қаласында ұйымдастырылған халықаралық кинобайқауға қатысып, «Үздік триллер» жүлдесіне ие болды.

Киножобада: Әли Әби, Шырайлым Махсат, Райхан Айтқожанова, Дулыға Ақмолда, Айнұр Ахметжанова, Газет Ержанов, Темірхан Тұрсынғалиев, Динара Әбікеева және т.б. актерлер ойнайды.

Қысқаметражды фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы КЕАҚ қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы