Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 қараша, 2020614

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» туралы деректі фильм түсірмек

Атақты «Қыз Жібек» фильмінде бас рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова осыдан елу жыл бұрын түсірілген картинаны көпшіліктің есінде мәңгі қалдырмақ. Ол үшін актриса киноэпос туралы деректі фильм түсірмек. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлады.

Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешованың айтуынша, деректі фильм осыдан жарты ғасыр бұрын түсірілген фильм жайында деректі лента түсіру – оны жасаушылардың ерліктеріне деген құрметі іспеттес. Бұл идеяны «Қыз Жібек» фильмін түсіруге атсалысқандар мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сарапшылар кеңесі мүшелері де қолдады. Картина кино орталығының екінші жобалар питчингінде жеңімпаздар қатарынан көрінді.     

«Қазір сценарий жазу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Біз архив құжаттарын дайындап, фильмге түсетін адамдармен сөйлесіп қойдық. Бұл - бастысы. Мәселен, сол кезде фильмге қатысқандар қазір егде тартқан азаматтар. Мысалға, Қадыр Қосай, фильмде бас дыбыс режиссері қызметін атқарып, басынан бастап картинаның музыкалық көркемдеуі жасалып жатқан кезде Нұрғиса Тлендиевтің басы-қасында жүрді. Редакторлар қызметін Асқар Сүлейменов пен Олжас Сүлейменовтер атқарды. Олжас Омарұлымен басты сұхбаттардың бірі жасалатын болады. Ал бас кейіпкеріміз - Бекежанның рөлін сомдаған Асанәлі Әшімов. Ол кісімен әңгімеміз қызықты болады деп ойлаймын. Мен де міндетті түрде өз әсерлеріммен бөлісетін боламын. 50 жыл өтсе де, біздің фильміміз ескірген жоқ. Жуырда оны телеарналарда тағы көрсетіп жатты», - деді Меруерт Өтекешева.

Меруерт Қаратайқызы өзі айтқандай, «Қыз Жібек» туралы деректі кино түсіруді фильмде Төлегенді сомдаған актер әрі актрисаның жұбайы  Қуман Тастамбековпен бірге бұрыннан жоспарлаған екен. Енді актриса бұл армандарын жүзеге асырмақ. Оның айтуынша, деректі лентаның сюжеті елу жыл бұрын цензура, идеологиялық шектеулер, қаржылық тапшылық пен техникалық базаның әлсіздігіне қарамастан, отандық киноның маржанынан айналған фильм қалай түсірілгендігі жайындағы журналистік зерттеуге негізделмек. Жоба режиссері болашақ фильмді  өскелең ұрпақ үшін жасап, оны кез келген форматта – үлкен экраннан бастап интернет-платформаларға дейін жеткізуге әзір.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы