Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 ақпан, 2020350

«My love is Aisulu»: Қоянбаевтың жаңа туындысы көрерменге жол тартты

Бизнес по-казахски в Корее фильмінен кейін езулерін жиып үлгермеген қазақстандықтар үшін Нұрлан Қоянбаев кезекті кинотуындысын тарту етті. "My love is Aisulu». Дәл осындай атаумен 30 қаңтар күні  белгілі продюсердің романтикалық комедиясы прокатқа шықты.

Кассалық жиыны 1 миллиард 107 миллион теңге жинаған отбасылық "Бизнес по-казахски в Корее" комедиясынан кейін бұл кинокартинаның да табысты болатынынан үміт зор. Қазақстандық арналарда жүріп жатқан фильм трейлерінің өзі көрерменді баурауда.

Жалпы, туынды Санжар мен Айсұлудың махаббаты жайында баяндалады. Өзіне-өзі сенімсіз Санжар сценаристер байқауынан кезекті рет жеңіліс табады. Қайтар жолында сүйкімді Айсұлу есімді бойжеткенмен танысады. Араларында сезім пайда болған соң, жақсы әсер қалдырмақ болады. Содан өзін Америкада фильм түсіретін режиссер деп таныстырып өтірік айтады. Сол өтірігінен шыға алмай, сүйіктісімен телефон арқылы сөйлесіп жүреді. Күндердің күнінде бойжеткен Санжарға тосынсый жасамақ болып, АҚШ-қа жол тартады. Санжар болса, бірінші рейске мініп, сүйіктісінен кешірім сұрау үшін Америкаға ұшады.  Фильм ары қарай қалай өрбитінін білгіңіз келсе, киноға асығыңыз.

Фильмнің түсірлім жұмыстары Елордамыз Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Лос-Анжелесте жүргізілді.   

Басты рөлдерді фильмнің бас продюсері Нұрлан Қоянбаев пен актриса Әсел Сағатова сомдайды. «Бұл фильмнің шығуы киноға сирек түсетінімді ескергенде мен үшін өте күптігейлі оқиға»,-деп жазды актриса өзінің Инстаграм парақшасында.  Сондай-ақ, «Бәрінен бұрын Нұрлан Қоянбаевқа сенімі мен шексіз тәжірибе үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, біздің тобымызға қызықты әрі көңілді түсірілімдер үшін және маған деген ерекше ілтипаттары үшін рахметімді айтамын», - дей келе, барлық елдің кинотеатрларында шығатын фильмді тамашалауға шақырады.   

Айта кетейік,  фильмде бұдан бөлек, атақты американдық актер Кэри-Хироюга Тагава, Исабек Әбілмәжінов, Еркен Ялгашев, Жанел Мақажан сынды актерлер ойын көрсетеді. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы