Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 ақпан, 2021280

Н.Қоянбаев Аланияда спин-офф түсіріп жатыр

Елімізге белгілі кинопродюсер, танымал актер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев тағы бір жаңа туындының негізін қалады. Бұл жолы продюсер Түркия еліндегі осымен екінші толық метрлі кинокартинасының түсірілімдеріне толықтай кірісті.

 

«Бизнес по-казахски» франшизасын өзіміздің жерімізде және ТМД елдерінде танымал еткен, талантты продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев шетелде тағы бірі қызықты фильмнің түсірілімдеріне кіріскенін хабарлады.  Жақында ғана барша шығармашылық топ жиналып дәстүрлі  кино тәрелкесін сындыру рәсіміне толықтай ат салысып, өздерін қолдаған жандарға алғыстарын білдірді. Продюсер Н.Қоянбаевтың шетелдегі осымен сегізінші туындысы алдыңғы киноленталарынан ерекшелінеді. Басты айта кетерлік өзгешелшігі - жаңа кино бизнес туралы емес. Бұл жолы болашақ фильмнің хикаясы мен сценариі де бөлек. Кино әлемінде «спин-офф» деп аталатын фильмнің түрі енді қазақстандық киноиндустрияда болады. Spin-off – кинода танымал болған,  құрастырылған кейіпкердің жеке өзі туралы түсірілген кинофильм.

@ramantay

Фильм «Бизнес по-казахски» кинотуындысында басты рөлді сомдаған Еркоштың қызықты хикаялары туралы болмақ. «I go to school» деп аталатын фильм комедия жанрында болмақ. Түсірілімдер Түркия елінің Алания қаласында жалғасатын болады. Киноның продюсері жаңа жобаға демеу көрсеткен жандарға рәсімде де, өзінің жеке инстаграм парақшасында рақметін айтты. Продюсер мен шығармашылық топқа қолдау білдіргендердің қатарында Алания қаласы әкімі Адем Мұрат Юджел, танымал актер әрі продюсер Кадыр Догулу, «Куртсафир» компаниясының басшысы Эсат Курт, Жандос Қорабай және белгілі музыкалық продюсер Алуа Қонарова бар.

@koyanbayevnurlan

Жаңа кинофильмнің режиссері Анвар Матжанов. Операторы Қанатжан Мирзаралиев. Суретшісі Руслан Оспанов. Басты рөлдерді Рамазан Амантай және Алтынай Шаяхметова сомдайтын болмақ.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы