Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 сәуір, 2020344

«На старте» фильмінің түсірілімдері кейінге шегеріліп отыр

Әлемді алаңдатқан COVID – 19 пандемиясы барша жұртты алаңдатып отырғаны рас. Қазір қауіпті дертке айналған вирустың таралуына байланысты біраз кәсіпорындар, шаруашылықтар мен орталықтар өз жұмыстарын тоқтатып отыр. Бұл жағдай отандық киноматографияны да айналып өткен жоқ. Жоспарға сай прокатқа шыққан фильмдер кассасы толық жиналмай,  түсірілімдері басталуы керек болған кинолардың жұмысы тоқтауға мәжбүр болды. 

Олардың қатарында «На старте» фильмі де бар. Максим Акбаров продюсерлігімен түсірілетін «На старте» фильмінің түсірілімдерді белгісіз мерзімге шегеріліп отыр. Индар Джендубаев режиссер етуі керек болған картинаның пре-продакшны өткен жылдың желтоқсанында басталған еді. Түсірілімге сақадай сай отырған киногерлер мен түсірілім тобы әзірге тек картинаның сценарийіне қайта көз жүгіртіп, бекітілген күндер мен іс-шараларды тағы бір рет қарауға мүмкіндіктері болып отыр. 

 

Фильм үшін жауапты Golden Man Media компаниясы «На старте» кинокартинасын "Қазақстандағы заманауи спортты насихаттайтын алғашқы ұлттық фильм" деп атап отыр. Фильм сюжеті жеңіл атлетикамен айналысатын спортшылар жайында болмақ. Дәлірек айтқанда, өмірін жүгірумен байланыстырған жандар, олардың өміріндегі негізгі сәттер мен қиын кезеңдері де баяндалады. Түсірілім жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көрсеткен демеуінің арқасында Қазақстан және Беларусь мемлекетінде өтеді деп жоспарланып отыр. Картинаның  кеңесшілері әрі киногерлердің жеңіл атлетика бойынша көмекшілері ретінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков тағайындалған. Фильмдегі басты рөлдер дебютант Рүстем Алмағамбетов пен актер Асқар Ілиясовтарға бұйырған. 

 

"На старте" фильмінің шығармашылық тобының айтуынша, жобаның басты әрі нақты мақсаты - Қазақстан жастарын спортқа баулу және оларды осы бағыт бойынша қанаттандыру. Сонымен қоса, болашақ спорттың жұлдыздарын алдына мақсат қоя біліп, оған жету керектігін үйрету. Ал оны үлкен экран арқылы көрсету таптырмас тәсіл екені мәлім екені айқын. 

 

Айта кеткен жөн, "На старте" картинасыс актер, режиссер, шоумен әрі музыкант Максим Акбаров үшін продюсер ретінде дебюттік көркем фильмі болып отыр. Ал «Он- дракон» және «Елки 5» сынды фильмдеріне режиссерлік еткен Индар Джендубаев өз кезегінде төрт жылдық үзілістен кейін режиссерлік креслосына қайта оралмақ.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы