Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 тамыз, 2020458

Назар аударыңыздар! Байқау!

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2021 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық арнасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Көрермендерге отбасылық, әлеуметтік және басқа да көптеген тақырыпта отандық телехикаялар ұсынатын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы келесі жылы да талай телетуынды түсірмек. Түсірілетін хикаялардың жанрлары да алуан түрлі болмақ. Мәселен, телерадиокорпорация ұлттық және отбасылық құндылықтар; тарихи тұлғалар және тарихи мұраны насихаттау, әскери-патриоттық (спорт әлеміндегі көрнекті тұлғалар), ретроспектива, медицина, білім, кәсіп игеру, жастар тәрбиесі, табиғатқа қамқорлық, ауыл тыныс-тіршілігі сияқты жанрлық бағыттар бойынша ұсыныстар қабылдайды.

Тарихи тұлғалар тақырыбы дегенде байқауды ұйымдастырушылар Сәкен Сейфуллин, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Дина Нұрпейісова сияқты көрнекті тұлғалар мен есімі тарихқа айналған абыз Домалақ ана өмірі жайындағы телехикаяларға ұсыныстар қабылдайды.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Сондай-ақ жобаның идеясы, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы тиіс. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан ғана қабылданады. Айта кетейік, өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @qazaqstantv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы