Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 қазан, 2020425

Назар аударыңыздар! Байқау!

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы маңызды әлеуметтік тақырыпты қозғайтын роликтерге арналған үздік сценарийге байқау жариялайды.  

Аталған роликтерге жазылатын сценарийлер қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналмақ. Бірі - сыбайлас жемқорлықпен, екінші – пираттықпен күрес. Алғашқы тақырып бойынша ұсынылған сценарийлердің арасынан Қазақстандағы парақорлықпен негізгі күрес құралдары, қоғамның сауығуы жолындағы осы мәселе жоюдың маңызы, жемқорлықтың салдары және бұл зұлымдықты жеңіп шыққан елдердің өмірін суреттейтін сценарий үздік деп танылады. Пираттықпен күрес тақырыбында жеке интеллектуалды еңбекке деген құрмет және пираттықпен күрес жөніндегі күрестің сәтті жүзеге асуының нақты жолдарын көрсететін сценарий үздік болмақ. Мәселен, қазақстандық қоғам үшін авторлық құқықты сақтау мен интернеттегі конрафактіден толық бас тарту маңызды екендігін жеткізген абзал.  

Байқауда барлығы 6 жұмыс іріктеліп алынады. Оған кез келген жастағы сценарийшілер, сонымен қатар заңды компанияларға еш қатысы жоқ жеке тұлғалар қатыса алады. Сценарийлер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Роликтің ұзақтығы бір минутты қамтуы тиіс. Ең қызықты сценарийлер авторы ақшалай сыйлыққа ие болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы