Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 қазан, 2020297

Назар аударыңыздар! Кастинг!

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің жаңа картинасындағы негізгі рөлдердің біріне бойжеткен іздестірілуде. Бұл туралы Emir Baigazin Production компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бүгінгі таңда режиссер Эмир Байғазиннің «Жизнь» атты жаңа фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр. Белгілі бір жағдайларға байланысты бас рөлдердің біріне 15 пен 23 жас аралығындағы қыз қажет. Үміткерге қойылатын басты талап – бет терісі мен шаш түсінің ашық болуы (міндетті) және сыртқы келбеті мен көзқарасында фатализм, меланхолия мен нәзіктіктің белгілері болуы. Алайда рөлге қара шашты қыздар да үміткер бола алады делінген.

Айта кетейік, картинаның түсірілімдері өткен жылы басталған болатын. «Жизнь» фильмі - Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен 2019 жылы өткізілген бірінші киножобалар питчингінде жеңіске жетіп, мемлекеттік қолдауға ие болған 17 жобаның бірі. Ұлттық кино мәртебесіне ие болған картина Арман есімді азаматтың басынан өткен жағдайды баяндайды. Жігіт мерекелік шаралардың түсірілімі және монтажымен айналысатын аудио-визуалды өнім дайындайтын компанияға жұмысқа орналасады. Бірнеше күн өткен соң, компания жұмыс істеп жатқан бүкіл материалдың жоюылуына себепші болады. Сөйтіп компания оған барлық материалды қалпына келтіру үшін қаражат табуға бірнеше күн береді, олай болмағанда, компанияның бар шығынын өтеуге мәжбүр болады.

Картинаның режиссері, продюсері әрі сценарисі Эмир Байғазиннің өзі. Естеріңізге сала кетейік, ол «Уроки гармонии», «Раненый ангел», «Река» және тағы басқа картиналарды түсіріп, Берлин, Венеция сияқты талай ірі халықаралық кинофестивальдерде топ жарған.  

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @emirbaigazinproduction

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы