Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 шілде, 2020639

Нәзік жанды қыз-келіншектер туралы үздік сериалдар

Қазіргі таңда отандық кино саласы қарқынды дамып келеді. Бұл- жастарға арналған қызықты әрі сапалы сериалдар мен хикаялардың көптеп таспаланып келе жатыр деген сөз. Бүгінгі жиі қозғалатын мәселе- қыз тағдыры. Нәзік жанды сұлу бойжеткендер туралы, олардың өмірлік мақсаттары мен армандары жайында, қоғамдағы қыз балалардың орны туралы түсірілген сериалдар баршылық. Еліміздің телеарналарынан бөлек, интернет желісінде кең танымалдылыққа ие болған, әрбір бөлімі миллионнан астам қаралым жинап үлгерген қазақстандық бұл сериалдардың көпшілік тамашалуға тұрарлық. Бүгінгі топтамада отбасылық комедия мен драма да кездеседі. Үздік көңіл-күй сылап, өмірлік құндылықтар туралы сыр шерткен, терең ойға батырған мағыналы картиналар да жетерлік. Ендеше, өзіңіз тамашалап, бағасын беріңіз.

“Інжу” телесериалы


Кадрдан алынған

"Інжу" телехикаясы көрермендерді өмірде кездесетін шынайы махаббат және өшпенділіктің ауыр сынақтары мен оның салдары туралы сыр шертетін болады.  Бұл бүгінгі біздің қоғамның ащы шындығын көрсететін хикая. Зорлық- зомбылық пен қатігездік, өз шеніне сеніп, бейкүнә жандардың намысын қорлаудан танбайтын қатігездердің жазасыз қалуы, шынайы махаббатың бір сәтте өшпенділікке жалғасуы. Қазіргі қоғамнан әділеттікті іздеген телехикаяның басты кейіпкері Інжу өмірінде кездескен ауыр сынақтардан өтуіне тура келеді. Бұл сериалда – эмоция, терең сезім, ашу- ыза, өшпенділік кездеседі. Отбасылық құндылықтардың жоғалып бара жатқаны, адал махаббатың үлкен сынақтарға түсетіні көрсетіледі.  "Інжу" - махаббат пен сатқындық тарихы ғана емес. Бұл калейдоскоп секілді саналуан хикаялар мен жарқын әрі ерекше кейіпкерлердің өмірлік оқиғалар тоғысқан сериал. 

Отандық телехикая Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Телесериалдың бас продюсері Дәурен Меркеев. Қоюшы режиссер ретінде Андрей Сухоногин жұмыс істеді. Ал қоюшы оператор қызметінде Рафаэль Абдрашитов болды. Көрермендердің көңілінен шыққан “Інжу” телесериалының сценарий авторлары Екатерина Потягина мен Адиля Норузова-Сұлтанбаевалар. Басты рөлдерде жас болса да, қазіргі таңда ерекше танымалдылыққа ие, хикаядағы маңызды кейіпкер Інжүдің рөлін сомдайтын Зухра Сайпи. Ол еліміздегі біршама сұлулық байқауларында жүлделі орындарға ие болып, көптеген отандық сериалдарда басты рөлдерді сомдайды. Олардың қатарында жастар арасында танымал болған Gakku телеарнасының тапсырысымен түсірілген “Bir toqsan”  атты телехикаясында Анели рөлі бұйырған. 7- арнадағы “Шалғайдағы оқиға” сериалындағы Жәбек рөлін ойнап шығады.  “Асыл арман” телехикаясында да басты кейіпкерді жоғары деңгейде сомдайды. “Інжу” оқиғасындағы тағы бір басты кейіпкер- Ерік Хамидуллаев.  Ерік те актерлік салада  енді қадам басып келе жатса да, бүгінде біршама жобалардан бой көрсетіп үлгерген. Ол көрермендердің сүйікті телесериалына айналған “Қарлығаш ұя салғанда” хикаясына түскен. Сонымен қатар, Ерік көптеген жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға жиі түсіп тұрады. Сондай-ақ, “Інжудің” картинасында Мейіржан Нұров, Самал Нұрбаева сынды киногерлер рөл сомдаған.

Телехикая отандық КТК телеарнасында көрсетіліп, кейіннен YouTube платформасына жүктелген. Қазіргі таңда телехикаяның әрбір бөлімі үлкен көрсетілім жинап үлгерген. 

“Қиын шақ” телехикаясы


Кадрдан алынған

Бұл отандық сериал мектептің жоғарғы сыныбында оқитын оқушылардың бастан өткерген қызықты әрі қиындыққа толы оқиғаларын баяндайды. Ауылдан келген қарапайым қыздың жаңа мектептегі адаптациясы қалай өтеді, жаңа сыныптастары оны қалай қабылдайды, алғашқы махаббатын мектеп қабырғасында жолықтыруы, міне мұның барлығы да осы сериалда суреттеледі. Аяжан Асанова сыныптың жетекшісі оқушыларын түсінуге тырысып бағады. 

Сериал телехикая Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Жобаның продюсері Дәурен Меркеев, сценарий авторлары Дмитрий Кривицкий, Айя Ким, Екатерина Потягина, Адиля Норузова- Сұлтанбаева. Картинаның қоюшы режиссері ретінде Андрей Сухоногин жұмыс істеді. Телехикаяның басты кейіпкерлері: Бегім Бақытбай, Мөлдір Мәулетқызы, Шұғыла Ешенова, Жақсылық Айтқұрман, Қабыл Базарбек, Дәуір Нұрланұлы, Азамат Қанапия, Асылбек Боранбай, Камилия Байтілеуова, Дәулетбек Жанботаев, Салтанат Құдайбергенова. Жобаның әрбір сериясының интернет желісіндегі қаралымы миллионға жетіп отыр. Бұл сериалдың көрермен назарына ілігіп, көпшіліктің көңілінен шыққандығына үлкен дәлел бола алды.

 

“Асыл арман” сериалы 

Кадрдан алынған

“Асыл арман” хикаясының оқиға желісі арман-мақсаты үлкен, ауылда құлын-тайдай емін-еркін өскен қыздардың қаладағы жаңа өмірімен өрбиді. Отбасылық құндылықтарды сериалдағы басты кейіпкерлердің өмірі арқылы суреттеп, бейнелейді. Қыздардың ішіндегі бірінің арманы дизайнер болса, біреуі медицинаның ең мықты маманы болуды мақсат етеді. Алайда өмір иірімінде олар біршама сынақтар мен қиындықтарға тап болады. Алданған махаббат, бар мүмкіндіктен айырылу, алып-қашпа әңгімелер мұның барлығы қалаға арман қуып келген қыздардың сынаққа мойымай күшті болуына себеп бола ма, әлде үміті таусылған нәзік жандарды еш шарасыз күйге түсіреді ме? Мұның барлығы телехикаяны тамашалағанда айқын болады. 

 Отандық тележоба “Астана” телеарнасының тапсырысымен “Satti media partner’s” студиясы түсірген өнім. Басты рөлдерді Зухра Сайпи, Назерке Ноғайбай, Шерхан Пірназаров, Сұлтан Ахмет, Дулыға Ақмолда, Назерке Өмірова, Ерлан Карибаев, Гульмира Жакилина, Махаббат Сарқытбаева, Динара Сунақ, Гүлжамал Қазақбаева, Ғазиза Әбдінабиева және  Оразхан Кенебаев сынды талантты актерлер сомдайды. 

“Кенже” хикаясы


Кадрдан алынған

“Кенже” телесериалы бір үйдің үш қызы жайында. Оқиға желісі бойынша үйдің кішкентай Кенже есімді қызына сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіреді. Алайда, анасы кіші қызының әпкелерінен алдын тұрмыс құрғанын қаламайды. Жолын ұстап тұрған отыз жастағы мұғалім болып жұмыс істейтін әпкесі мен ер мінезді кіші әпкесін енді Кенже тұрмысқа беруді көздейді. Сүйіктісі Мәдимен бірге арнайы жоспар құрып әпкелерінің өмірлік серіктерін жолықтыруға бар күш жігерін салады. Алайда бәрі де бекер. Өз махаббатын кеш әрі ешбір жоспарсыз жолықтырған Кенженің әпкелері қашан тұрмысқа шықпақ? Отбасылық комедия қандай қызықтарға толы? Оны сериалды тамашалағанда білуге болады. 

Комедиялық қызықты оқиғаларға толы сериалға Төребек Бейсебаев режиссерлік етті. Басты оператор ретінде Дастан Молдабеков жұмыс істесе, картинаның бас продюсері Ақылбек Досжанов. Қызықты сценарий авторлары: Абылайхан Қасымов, Еркебұлан Бердалиев, Аманжан Махметов және Абзал Камбаров. Басты рөлдерде: Ақерке Арыс, Салтанат Құдайберген, Зухра Сайпи, Бақытжан Әлпейс,  Самал Нұрбай, Асан Мәжит, Абылай Сәлімханов, Шах Әлмахан, Сәбит Мұстафа, Жұмағали Маханов, Гүлшат Тутова және Данияр Төлбасы. Аталмыш сериал YouTube видео-платформасында өте танымал. Бұған қарап отандық сериалдардың көрермен көзайымына айналып келе жатқандығын әбден байқауға болады. 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  кадрдан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы