Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 ақпан, 2021369

Nomad Stunts- тан жаңа кастинг!

Каскадерліктің қыр-сырын үйреніп, шетелдік үздік картиналарға түсуді армандағандар үшін керемет мүмкіндік. Халықаралық тәжірибелі Nomad Stunts каскадерлер клубы жаңа кастинг жариялайды. Қазақстандық топ өз қатарына жаңа құрама қосып, каскадерлік шеберллікке тегін үйретін болмақ.

 

Якут киносын дамыту мақсатында Art Doydu кинокомпаниясы (Саха Республикасы) және Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадерлер тобы (Қазақстан Республикасы)  бірлесе отырып болашақ каскадерлерді оқыту мақсатында кастинг жариялады. Іріктеуден өткен жастарға каскадерлік клубтың негізін салушы, белгілі каскадер Жайдарбек Күнғожиновтың өзі тәлім беретін болады. Бұл туралы Nomad Stunts клубының инстаграм желісіндегі ресми парақшада жарияланған болатын. Кастинг қатысушысына қойылатын талаптардың қатарында мыналар бар:

- 19-23 жастағы қыздар мен ұлдар;

- Кинода жұмыс істегісі келетін жастар;

- 5 жылдан кем емес спорттық дайындығы бар (спорттық гимнастика / акробатика / таэквондо / каратэ);

- Атқа міну тәжірибесі;

- Стресске төзімділік;

- Командада жұмыс істей білуі.Ағылшын тілін меңгеруі және де кинода жұмыс тәжірибесі болуы ескеріледі.

Іріктеуден өткен болашақ каскадерлер жұмыстың түрлі бағыттары бойынша каскадерлік шеберліктің қыр-сырына үйренетін болмақ, олардың қатарында: ат трюктері, акробатика, пиротехника, SFX, әртүрлі қару түрлерімен жауынгерлік көріністерді/ трюктерді қою және орындау, риггинг (аспалы жүйелермен жұмыс), жану, сахналық қозғалыс, биіктіктен құлау (соның ішінде жанып жатқан адам) секілді түрлері бар. Каскадерлікті шебер меңгерген құрама болашақта әлемдік фильмдердің кино алаңдарында тәжірибеден өтетін болады.

20 жылдың тарихы бар  Nomad Stunts каскадерлері тобы келесі фильмдерде өз шеберліктерін көрсетіп, Қазақстан байрағаны жоғары самғатып келе жатыр: Мулан (2020), Жауынгер (2019), Викинг (2016), Марко Поло (серия, 2014-2016), 47 ронинов (2013), Неудержимые-2 (2012), Конан-Варвар (2011) және тағы басқалар.

Бүкіл әлемге танымал бұл кинофильмдердегі трюктардың авторы және қоюшысы, Nomad Stunts компаниясының негізін қалаушы және каскадерлердің халықаралық командасының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов.

Жайдарбек әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығының иегері. Бұл марапат дүниежүзіндегі каскадерлер арасында «Оскар» сыйлығымен тең.  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері. Сондай-ақ, Жайдарбек Күнғожинов американдық «Hitz International» деп аталатын кәсіби трюк қоюшы режиссерлердің командасының құрамында тұр.

Жайдарбек Күнғожинов Якутскідегі кандидаттарды өзі таңдап, каскадерлерді оқытумен айналысады. Арт Дойду және Nomad Stunts компаниялары арасындағы серіктестік және достық қатынастар аясында каскадерлерді оқыту тегін жүргізілмек. Оқуға іріктеуден өткен қатысушыларға ұшу ақысы, тұру мен тамақтану және стипендия бірелетін көрінеді.

Оқыту Алматы қаласының маңындағы Nomad Stunts каскадерлік базасында өтеді.Оқу 2021 жылдың сәуір айынан бастап 6 айға дейін созылатын болады. Кастинг қатысушысы болғыңыз келсек бейне-визитка мен байланыс деректері көрсетілген өтінімдерді мына электрондық поштаға жіберуге болады: [email protected]. Өтінімдер 2021 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы