Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 ақпан, 2021308

Номадтықтар АҚШ киноактерлері Гильдиясының сыйлығына үміткер атанды

Жуырда ғана каскадерлердің жоғары марапаты саналатын – АҚШ каскадерлер академиясының «Таурус»  сыйлығына  ие болған отандық Nomad Stunts тобында тағы бір жақсы жаңалық! «Дисней» студиясының Мулан фильмінде өнер көрсеткен каскадерлеріміз енді АҚШ киноактерлері Гильдиясы сыйлығының «Көркем кинодағы үздік каскадерлер командасы» дәрежесіне үміткерлер қатарынан көрінді.

«Достар, бізде қуанышты жаңалық бар! Түсіріліміне Nomad Stunts каскадерлері қатысқан Disney студиясының «Мулан» фильмі «ойын киносындағы үздік каскадерлер тобы» үшін АҚШ киноактерлер Гильдиясы сыйлығына ұсынылды!» - деп бөлісті қуанышты хабармен номадтықтар әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында.

Жоғарыда аталған аталым үшін бақ сынасатын үміткерлер қатарында «Чудо-женщина:1984», «Пятеро одной крови», «Суд над чикагской семеркой», «Новости со всех концов света» сияқты шетелдік картиналар бар.

Естеріңізге сала кетейік, диснейлік «Мулан» фильмінің әлемдік премьерасы өткен жылдың күзінде өтті. Американдық картинаның Қазақстандағы  тұсаукесері желтоқсан айында болды. Бұл туындыда Nomad Stunts каскадерлер ұжымының жетекшісі әрі құрылтайшысы Жайдарбек Күнғожинов «қасқырлар» отрядының командирі рөлін сомдап, Голливуд жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nomad Stunts (@nomadstunts)

Айта кетейік, Nomad Stunts тобы 2000 жылдардың басында «Номад» Қазақ мемлекеттік циркінің ат-акробатикалық сахнасы негізінде құрылған. Осы уақытқа дейін ұжым каскадерлері «Неудержимые 2», «47 ронинов», «Конан Варвар» сияқты Голливуд блокбастерлерінде шайқастар мен ат трюктерін орындаған, сонымен қатар «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала», «Қазақ хандығы» сияқты ауқымды қазақстандық тарихи туындыларда еңбек еткен. Ал, өткен жылдың соңында отандық каскадерлер «Томирис» тарихи картинасында қойған трюктер үшін каскадерлер академиясының (АҚШ) беделді Taurus сыйлығына ие болған.

АҚШ киноактерлері Гильдиясы сыйлығының жеңімпаздары 2021 жылдың 4 сәуірінде жарияланатын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы