Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 ақпан, 2020362

Нұртас Адамбай ұсынады

Қазақстандық актер, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай «Келинка Сабина 3» комедиялық картинасының су жаңа трейлерін жариялады.

Комедияның қос бөлімінде Сабинаның ауылдағы оқиғаларын көріп, үйреніп қалған көрермендерді бұл жолы басқа сюжет күтеді.

Қалаға көшіп келген соң, Сабина өзінің бұрыңғы өміріне қайта оралады. Әдемі зәулім үйде тұрады, қымбат дүкендерде киініп, ең дәмді мейрамханаларда тамақтанады. Жәнібек өзінің құрылыс компаниясын ашса, Сабина шынайы актрисаға айналады. Айтпақшы, оның құрбысы Алтыншаш та ауылды тастап, қалаға арман қуып келеді. Барлығы өзінің ретімен жүріп жатады. Алайда, күндердің бір күнінде Сабина мен Жәнібектің ара-қатынасы тығырыққа тіреліп, екеуі екі жаққа кетіп, өз жолдарын іздейді.

Комедияның бейнебаянынан белгілі болғандай, фильмдегі үйреншікті актерлерден бөлек, Санжар Мәдиев, Мадина Оспанова, Қайрат Әділгерей  және басқа да қазақстандық актерлер өнер көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін Нұртас Адамбай аттас картинаның екі бөлімін шығарған еді. Оның екінші осыдан төрт жыл бұрын жарық көрді. Ал, елдің ең танымал келінінің оқиғасының жалғасы ("Келинка Сабина 3") наурызда көрермендерге жол тартады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы