Размер шрифта:

Цветовая схема:

24 ақпан, 2021454

«Однажды в отеле» фильмінің түсірілімдері басталды

Алматы қаласында жаңа кинофильмнің түсірілімдері  басталды. «Однажды в отеле» деп аталатын кинотуынды криминалды комедия жанрында түсірілетін болады.

Фильм сюжеті бойынша, сценарист отельдегі өмір туралы киноға сценарий жазу үшін отельдің өзіне барып жұмысқа тұрады.

Тимур Бақтыбаев – продюсер:

«Кинолента портье туралы болғандықтан, фильмді шынайы отельде түсіруді жөн көрдік. Ол үшін Алматы қаласындағы ең таңдаулы қонақ үйлердің бірін таңдадық. Дамир есімді басты кейіпкер қонақ үй туралы фильмге сценарий жазуы тиіс болады. Хикая қызықты әрі шынайы болуы үшін Дамир қонақ үйге портье қызметкері болып жұмысқа кіреді. Ол әрбір қонақты жаңа оқиға мен кейіпкер ретінде көреді. Міне, осы жерде барлық қызықтар басталады»,-дейді киноның продюсері.

Басты рөлдерде театр және кино актері Дәурен Серғазин. Ол бұған дейін танымал «Брат или брак» кинофильмінде басты рөлді сомдаған еді. Елдегі белгілі актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова мен Дәурен Серғазиннің бұл фильмдегі тандемі көп көрерменге ұнаған болатын. Сондай-ақ, Дәурен Серғазин алдыңғы фильмінен жанры мен бағыты өзгеше «Қазбат» кинофильмінде де басты рөлде бой көрсеткен еді. Сонымен қатар, «Бизнес по-казахски» картинасында және көптеген телехикаялар мен фильмдерде танымал болған Жан Байжанбаев та осы фильмге түсіп жатыр. Актерлік топтың құрамында тағы Қуат Хамитов және Айжан Байзақова бар. Кинофильмнің операторы Нұрайбек Жәнібеков. Ал сценарий жазған Данияр Күмісбаев.

@ortesso

Фильмнің авторларының айтуы бойынша, қазақстандық жаңа кинофильм үшін арнайы  Джейсон Стэтхемның егізі шақыртырылған. Сонымен қатар, осы фильмге режиссерлік ететін Олжас Ибраев та өзін актерлік салады сынап көрмек. Бұл оның киноиндустриядағы дебюті болмақ. Джейсон Стэтхем мен Ибраев қосылып ортақ миссия атқарады. Олардың фильмдгі  мақсаты - қарақшыларды тұтқынға алу.

Отандық кинолентаның премьерасы осы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы