Размер шрифта:

Цветовая схема:

02 қыркүйек, 2020318

«Олма Джон» фильмі Нью-Йоркте топ жарды

Қазақстандық-француздық «Олма Джон» фильмі АҚШ астанасында тамыздың 29-нан 31-і аралығында онлайн режимде өткен International Filmmaker Festival of New York кинофестивальде топ жарды. Картина Нью-Йорктегі 9-шы халықаралық кинофестивальде бірден екі жүлдеге ие болды.

«Олма Джон» картинасы кинофестивальде «Үздік толық метр» мен «Үздік актер» аталымдарын жеңіп алды. Алғашқысы фильм режиссері Виктория Якубова мен продюсері Ариэль Асеноваға берілді. Ал кинолентада бас рөлдің бірін сомдаған отандық актер Азиз Бейшеналиев екінші жүлдеге ие болды.

«Барлық керемет нәрселер менде кенеттен болып жатады. Бір күні мен режиссёр Виктория Якубовамен танысып, ол маған Olma Djon фильміне түсуге ұсыныс жасады. Бұл тағдырдың сыйы болды. Ал бүгін мен тағы да ойламаған жерден Нью-Йорк кинофестивалінде - Best Actor сыйлығынын алғанымды білдім. Ал біздің фильм Best Feature Film категориясында жеңіске жетті. Виктория Якубова мен фильмде жұмыс істеген бүкіл тобымызға үлкен рахмет!», - деп жазды Азиз Бейшеналиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, драмада сонымен қатар Наташа Машкевич, Айша Берікқызы, Салтанат Ташимова, Азат Нұртаев пен Ажар Ибраевалар өнер көрсетті. Картина қарым-қатынастарында араздық туындаған ерлі-зайыптылап жайында әңгімелейді. Бұл жеті жасқа келіп, әлі де сөйлемейтін қыздарына әсер етеді. Фильм кейіпкерлері барын салып, барлық сынақтан бірге өтіп, отбасындағы жылулық пен махаббатты қайта қайтарулары керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Олма Джон» кинолентасының әлемдік премьерасы 2019 жылы «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінде өткен болатын.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы