Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 сәуір, 2021135

«Олма Джон» қазақ-француз картинасы екі бірдей халықаралық кинофестивальге қатысады

"Олма Джон" Қазақстан – француз картинасы екі халықаралық кинофестивальге-Жапониядағы Osaka International Film Festival және АҚШ-тағы Dallas Independent Film Festival қатысуға шақырту алды.

Осака халықаралық онлайн кинофестивалінде фильм негізгі конкурсқа қатысады деп жоспарлануда, ал Далластағы тәуелсіз кино фестивалінде картина "Үздік актер" номинациясына ұсынылған болатын. Фильмдегі рөлі үшін отандық актер Азиз Бейшеналиев бақ сынайтын болмақ.Картинаның режиссері-Виктория Якубова. Оператор-Ескендір Нарымбетов. Басты рөлдерде бой көрсеткен актерлер: Азат Нұртаев, Әзиз Бейшеналиев, Айша Берікқызы, Наташа Машкевич, Салтанат Ташимова және Ажар Ибраева.Кинотаспаның сюжеті бойынша, өзіндік шектеулер мен ішкі проблемалары бар, туыстық қарым- қатынасы дұрыс емес отбасы туралы баяндайды. Ата-анасы жеті жасар қызының әлі сөйлеспегенін айтады. Фильмнің кейіпкерлері бірқатар сынақтардан өтуі керек, ал соңында олар үшін ерекше марапат күтіп тұр. Олар- жүрек пен жанның, рухтың тазаруы, сондай-ақ туыстар мен достардың құндылығын түсіну болады.Естеріңізге сала кетейік, "Олма Джон" кинокартинасының әлемдік кинопремьерасы 2019 жылы "Еуразия" халықаралық кинофестивалінде өткен болатын.Өткен жылы фильм 2020 жылғы 28-31 тамыз аралығында онлайн режимінде өткен Нью-Йорктегі 9-шы Халықаралық кинофестивальде бірден екі бірдей марапатқа ие болды.Кинокартина “Үздік актер" номинациясын жеңіп алды. Фильмде өзінің рөлін ерекше алып шыққан актер Азиз Бейшеналиев аталған марапатты жеңіп алды. Сонымен қатар, кинокартина “Үздік толық метр" номинациясы бойыншк режиссер Виктория Якубова мен продюсер Ариэль Асенова иеленген болатын.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  express-k.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы