Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 ақпан, 2020283

Өмірдегі үш құрбы фильмге түсуге білек сыбанды

Режиссер Асқар Бисембин өмірдегі адамның өзі таңдайтын екінші отбасысы – достар жайында фильм түсіруге кірісті.

Қазақстанда достықты ту еткен тағы бір туынды түсірілуде. Режиссер Асқар Бисембин өмірдегі адамның өзі таңдайтын екінші отбасысы – достар жайында фильм түсіруге кірісті. Бұл туралы кинокартинаның бас кейіпкерінің бірі актриса Сая Оразғалиева өзінің Инстаграмдағы парақшасына жазды.

Кинонартина шынайы өмірдегі достықты негізге алған сыңайлы. Мәселен, өмірдегі үш құрбы: Сая, Жәния және Дана басты рөлдерді сомдайды. Иә-иә, қателеспедіңіз, бұл актрисалар - Сая Оразғалиева, Жәния Джуринская мен вайнер әрі актриса Дана Есеевалар.

«Достар, бізді құттықтап қойсаңыздар болады! Біз режиссер Асқар Бисембинмен жұмысша атауы «Три подружки» дейтін фильміміздің түсірілімін бастадық», деп жазады актриса.

«Үш түрлі мінез, үш түрлі хикая және жалғыз ортақ дүние – мықты достық» деп үш ауыз сөзбен фильмді сипаттаған Саяның сөзіне қарағанда, «Три подружки» - фильмнің қорытынды атауы емес.  Себебі, фоловерлерінен кинокартина атауы жағынан көмек беруді сұрайды.

Ал, Жәния Джуринская болса, фильм мазмұны қарапайым екендігін айтады. «Мені жігіт тастап кетеді. Құрбыларым болса, депрессиядан құтқарады. Дананың кейіпкері күнделікті күйбеңнен шаршаса, Сая ер азаматтардан көңілі қалды» дейді ол парақшасында қысқаша шолу жасап.

 

Автор: Зарина Смагулова

Фото: Сая Оразғалиеваның Instagram парақшасынан алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы