Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 ақпан, 2021350

«От» фильмінің ресми трейлері жарияланды

«От» фильмінің авторлары өздерінің туындыларының орыс тілдегі титрлары бар ресми трейлерін ұсынды. Айжан Қасымбекова режиссерлік еткен картина жобасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бірінші питчингі нәтижесінде мемлекеттік қаржыландыруға ие болған.

Режиссердің дебюттық кинолентасы қалаға көшіп келген орта жастағы ер азаматтың басынан өткерген оқиғасынан сыр шертеді. Толик – үлкен шаһарда өмір сүруге дағдыланып, жүкті әйелі мен зейнеткер әкесін асырап жүрген үлкен отбасының отағасы. Осымен бірнеше жылдан бері курьер болып жұмыс істеп, шағын жалақыға өмір сүріп келеді. Қарапайым жұмысшы қызметінде ұзақ уақыттан бері қалып қоятын оның тапқан-таянғаны ішіп-жегеннен артылмайды. Сол себепті өзгелер сияқты қарызға күн көріп, несиеден-несие алуына тура келеді. Ауылдан қалаға көшкенде өмірінің осыншалықты ауыр болатынын үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Оның бұл қараңғылықтан құтылудың жалғыз үміті – тұңғыш қызы Сәуле еді. Бір күні жұмысынан оралатын Толик, қызының аяғы ауыр екендігін біледі. Бұл хабар бүкіл арманының күл-талқанын шығарады. Мәселені шешпек болатын ол кезекті қиындықтар мен шытырман оқиғаларға тап болады.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakh Cinema (@kazakh.cinema)

Айта кетейік, әлеуметтік драмадағы бас рөлдерді танымал актерлер Төлепберген Байсақалов, Ерболат Тоғызақов, Бауыржан Үсенов, Мәншүк Айтмұхамбетовалар сомдайды. Картина режиссері - әрі сценарисі Айжан Қасымбекова. Сценарий жазуға оған сонымен қатар Ч.Ескендіров, М.Қасабеков, А.Қасымбекова, А.Дүйсенбиевтер атсалысты. Фильм «А-Team» компаниясымен түсірілген.  Кинолента түсірілімдері Алматы қаласында жүргізілді.  Фильмнің монтажы аяқталды, алайда көрермен назарына қашан ұсынылатыны әзірге белгісіз.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы