Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 ақпан, 2021258

Отандастардың жаңа картинасы «Сандэнс» фестивалінде көрсетілді

Тимур Бекмамбетовтың «Ромео мен Джульетта» жаңа картинасы әлемдегі тәуелсіз киноның ең ықпалды байқауларының бірі саналатын «Сандэнс» кинофестивалінде көрермен назарына ұсынылды. Аталған шара АҚШ-та қаңтардың 28-і мен ақпанның 3-і аралығында өтті. Бекмамбетов картинасының тұсауы де осы фестивальде кесілді. 

Айта кету керек, жаңа туындыға Тимур Бекмамбетовпен бірге қазақстандық Игорь Цай да продюсерлік жасады. Осыған дейін екеуі «Он – дракон» фэнтэзи жанрындағы картинасында және«Поиск» атты триллерінде бірге еңбек етті.

Қос киногердің жаңа жұмысы «Сандэнс» кинофестивалінің  алдыңғы қатарлы және инновациялық картиналарды ерекше атап өтетін «NEXT» атты секциясында көрсетілді. Биылғы жылы кинофестиваль алғаш рет гибрид форматында өтті, яғни, қатысушы фильмдердің премьерасы виртулды платформада онлайн түрінде ұйымдастырылды. Тимур Бекмамбетов пен Игорь Цайдың продюсерлік еткен картиналары R#J атауына ие болды. Бұл  туынды – Z, яғни, смартфондар мен әлеуметтік желі қолданушылар ұрпағына арналған атақты Шекспир пьесасының бірінші экранизациясы. Жаңа кинолента screenlife форматында түсірілді. Ондағы оқиға осы күндерге көшірілген, ал барлық әрекеттер бас кейіпкерлердің смартфон экрандарында көрініс табады. Бас кейіпкерлер демекші, Ромео мен Джульеттаны жаңа экранизацияда жас актерлер -Камарон Энгельс пен Франческа Ноэльдер сомдайды. Фильм режиссері  Кэри Уильямс болды.     

Отандастардың жаңа туындысы танымал киномайталмандарының жылы лебіздеріне де ие болған. Осылайша, фестивальде картинаны алғашқылардың бірі болып тамашалаған атақты голливуд актрисасы, «Отчаянные домохозяйки» телехикаясының жұлдызы Ева Лангория авторлардың еңбегін жоғары бағалады. Әлеуметтік желідегі парақшасында американдық жұлдыз R#J фильмінің фантастикалық және алуан түрлі кастына (актерлер құрамы) және фильм жасаушыларына әлеуметтік желі ұрпағы үшін Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасын» қайта ой елегінен өткізгендері туралы тамсана жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Бекмамбетов пен Цай 2018 жылы «Сандэнс» фестивалінде скринлайф форматындағы «Поиск» атты триллеріндегі продюсерлік жұмыстары үшін жеңіске жеткен еді: картина көрермендер көзайымы мен Альфред Слоун атындағы жүлдеге ие болған.

Атап өту керек, ресейлік және қазақстандық продюсер Тимур Бекмамбетов – фильмдегі оқиғалар желісі компьютер мен смартфон бетінде өрбитін скринлайф форматының бас дәріптеушілерінің бірі. Оның Screenlife-картиналарының халықаралық кинофестивальдерде ғана емес, коммерциялық тұрғыда да жемісті.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы