Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 сәуір, 2021353

Отандық актриса Гүлшат Тұтова бой көрсеткен қазақстандық кинокартиналар

Біз бен сіз көріп өскен киноленталарға түсіп, қазақ кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан дарынды киноактрисалар көп. Олардың қатарын бүгін толықтыратын еліміздегі белігі кино және театр актрисасы Гүлшат Тұтова. Өзінің жылы жүзімен, ерекше шеберлігімен көп көрерменді баурыған киногердің түскен картиналарына бүгін шолу жасайық.

Гүлшат Әбсаттарқызы Тұтова — театр және кино актрисасы. Ол 1972 жылы сәуірдің төрті күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. "Театр көктемі — 2007" және "Театр көктемі-2011" сынды қойылымдарының театр фестивалінің лауреаты. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақстан Республикасының Халық әртісі Тұңғышбай Әл-Тарази сыныбында "Театр және кино" актрисасы мамандығы бойынша білім алған. 1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының труппасына қабылданады. Өз еңбек жолында Гүлшат талай жетістіктерге кенеліп, бірталай отандық тың туындылардан бой көрсеткен. Актрисаның қоржынында«Үмітіңді үзбе»,  «Біржан сал», «Несиеге махаббат», «Өз үйім», «Жетімдер», «Әкем екеуміз», «Мәңгі өмір сүргің келсе», «47 баланың анасы», «Бір кем дүние», «Астанаға көктем кеш келеді», «Сүйінші»,  «Тұрар Рысқұлов» , «Аманат» және тағы да басқа киноленталар мен телесериалдар бар.  Елімізге белгілі, дарынды әрі талантты кино және театр актер, әзіл-сқақшы Нұржан Тұтовтың асыл жары.

 «Біржан сал»

Біржан сал музыка саласындағы талантының арқасында бүкіл әлемге танымал болды. Ол бүкіл әлемге белгілі қазақ елінің дарынды ақыны және талантты композиторы болған. Фильм оның драмалық тағдыры туралы баяндайды. Кейде бір адамның бір ғана оқиғасы бүкіл халықты шабыттандыруға қабілетті. Біржан Қожағұлов ерте балалық шағынан-ақ белгілі- бір танымалдылыққа ие болды. Ол жай ән айтып қана қоймай, өзі домбырамен сүйемелдейтін. Жасы ұлғайған сайын оның таланты тек күшейе түсті.

Кинолента Біржанның балалық шағын да, кейіпкердің өзі орындау үшін мәтіндер жаза бастаған, содан кейін көшпелі театрды құрған кездерді де баяндайды. Біржан сал фильмі Қазақстанда 2009 жылы түсірілген. Сол жылы 3 қыркүйекте оның әлемдік премьерасы өтті. Кинокартинаның жарыққа шығуына көмектескен режиссерлер Досхан Жолжақсынов пен Рымбек Әлпиев болды. Рымбек Көшербаевтың бұл киноиндустриядағы жалғыз жұмыс болып қалған. Ал Досхан көп жағдайда актер ретінде танымал болды. Ол «Жау жүрек мың бала» кинофильміне түскеннен кейін үлкен танымалдылыққа ие болды.

Фильмнің жетістігі-актерлердің кәсіби ойынының еңбегі. Киноөндіріс табысқа жету жолында қандай да бір шектеулер болмауы тиіс екенін көрсету үшін түсірілген. Кез-келген адам, шығу тегіне қарамастан, әлемге әйгілі бола алады. Ең бастысы-өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысыңыз және жүрегіңізді тыңдап, өмір сүріңіз.

«Біржан сал» фильміне Ермек Аманшаев продюсерлік етті. Сценарий авторы Таласбек Әсемқұлов. Отандық картинада бой көрсеткен талантты актерлер қатарында: Досхан Жолжақсынов, Қ. Төлегенов, Гүлшат Тұтова, Саят Мерекенов, Сәбит Оразбаев, Досхан Жолжақсынов, Аша Матай, Болат Әбділманов, Дулыға Ақмолда, Асылболат Ысмағұлов және Кеңес Нұрлановтар бар.

«Әкем екеуміз»

«Әкем екеуміз» отандық кинофильмі әке мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты баяндайды. Әйелі отбасын тастап, басқа жанмен қосылғаннан кейін жалғыз қалған Кәрім өз ұлын алып қалаға көшеді. Еңбек пәнінен сабақ беретін ол жатақханадағы бір кішкентай ғана бөлмесін паналайды. Жағдайлары нашар болғанымен де, әкесінің тырысып жатқанын көрген кішкентай балақай жасына қарамастан өте зерек әрі ақылды болып өседі. Әйткенмен де, оған ананың жылулығы мен махаббатының жетпегендігі бірден көзге түсіп, байқалады.

Кинолентаны  Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Сценарийін жазған және қоюшы режиссері Данияр Саламат. Филмнің қоюшы операторы – Борис Трошев. Қоюшы-суретшісі – Нұрболат Жапақов. Басты рөлдерді сомдағандар: Бақытжан Әлпейісов, Нұрмахамбет Әйтенов, Гүлшат Тұтова, Оксана Бойченко, Ақмарал Ерболатова, Бейнұр Баймұханбетов. Атқарушы продюсер қызметінде – Тәңірберген Хажиев. Дыбысты өңдеген режиссері – Асқар Ахметтегі. Монтажын жасаған – Хадиша Урмурзина. Картина редакторы – Сатыбалды Нарымбетов. Фильмнің директоры – Ардагер Сантыбаев.

«Несиеге махаббат / Любовь в кредит»

Кинотуынды 2010 жылы жарық көрді. Картинаны «Қазығұртфильм» киностудиясы таспалаған. Бильм бюджеті үш мың АҚШ долларын құраған лентаның түсірілмдері Алматы қаласынан бөлек, қала маңындағы өңірлерде де өткен болатын. Басты рөлдерде қазақ және үнді телехикаяларына қазақ тілінде дубляж жасап жүрген, танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей, белгілі кино және театр асктрисасы Гүлшат Тұтова және Сафуан Рысбай. Сонымен қатар, қазақ кино өнерінің майталманы, дарынды өнер жұлдызы Лидия Кәденова да рөл сомдаған. Фильмде Салтанат Жұмабекова, Жанатбек Бәйтеков, Әбунасыр Серіков, Мадияр Серікбаев және тағы да басқа киноактерлері рөл сомдаған. Картинаның режиссері – Сәбит Әбдіқалықов.

Кинолента комедиялық жанрда түсірілген, дегенмен айтар ойы мен көрерменге жеткізер мағынасы терең әрі актуалды. Фильмде аты айтып тұрғандай несие тақырыбы тереңінен зерттеледі. Оның зардабтары мен зиянын әзіл арқылы жеткізгісі келген кино автораларының айтары да сол еді, несиенің бір ғана нәтижесі болады. Әлеуметтік актуалды әрі терең тақырыпқа, проблемаға айналған дүинелер туралы түсірілген бұл туындының қазақ кино өнеріндегі сәтті шыққан шығармалар легіне қосуға әбден болады. Өзіңіз тамашалап, бағасын беріңіз.

«Жетімдер»

Қазақ киноиндустриясындағы таңдаулы туындылардың бірі – «Жетімдер» кинофильмі. Туынды 2008 жылы Еркін Рақышевтің режиссерлігімен жарық көрген. Фильм ата-анасының қамқорынсыз қалған екі кішкентай балақайлардың панасыз қалған өмірі туралы баяндайды.

Картинаның сценарийлік сюжеті бойынша, үйдің үлкені он жасар Арман мен кішкентайы Аружан ата-анасымен бірге тойға қонаққа барады. Бірақ қайтар жолда көлікке камаз соғылып жол апаты орын алады. Ата-анасы қайтыс болып, балақайлар жетім қалады. Оларды өз бауырына басқан жетімдердің туысқан әпкесі Сандуғаш болады. Алайда, оның күйеуі өз үйінде бөтен балалардың болғанын қаламайды. Ол ішіп келіп күнде балаларды ұрып - соғатын болады. Балақайлар мұндай азапты қашуды көздейді. Осылайша, олар қыстың суығына қарамастан белгісіз бағытқа қарай қашады. Қайда барарын білмеген жетімдер жертөлені пана етіп, қайыр сұрауға мәжбүр болады. Көліктердің терезесін жуып, бір кесек нан мен ыстық тамаққа тойып алғанмен қыстың қаһарлы ызғары Аружанның өміріне қауіп төндіреді. Ал олардың әпкелері Сандуғаш жиендерін іздеуді баяғыда бастағанмен, еш нәтижесіз болады. Жетімдердің өмірі енді қалай жалғасын табар екен?

Фильм иедясының авторы – Бекболат Тілеухан. Басты рөлдерді сомдағандар: Меруерт Касымбек, Нуржан Рустенов және Гульшат Ахметова. Сонымен қатар, фильмде бой көрсеткепндер: Кеңес Нұрланов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Серікбол Қилов, Жанат Өтемова, Естай Аликеев, Шұғыла Сапарғалиқызы, Жарас Елеусіз, Сырым Орынбасаров, Айнұр Рақышева, Нұрсұлтан Тұрсынов, Серікбай Әділхан және Бибігүл Дәулетбекқызы. Картинаның директоры – Дәурен Әбдіхамитов. Қоюшы- операторы – Қазбек Әміржанов. Сценарий авторлары: Индира Чайзадина, Еркін Рақышев, Құралай Раисова және Әсел Керімбаева. Әсем әуенмен әрлеген картина композиторы – Бақытқали Қонысбаев. Монтажын жасаған – Руслан Шынтасов. Дубляжы жасағандар: Жансұлтан Қонысбай, Алматбек Тоқымов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Әйгерім Сейітжан, Дәркен Есімбеков, Нұрата Оңғарбай, Жанар Шабақова және Жалғас Толғанбай.

«Мәңгі өмір сүргің келсе»

2010 жылы түсірілген қазақстандық комедия. Режиссер Еркін Рақышевтің келесі туындысы – «Мәңгі өмр сүргің келсе» кинолентасы.

Фильмнің сценарийлік желісі бойынша, лабораторияның қарапайым жұмысшысы Дәурен есімді жігіт қазақ тілінің қолдаушысы әрі қорғаушысы. Ол өз тілінен намыстанатындар мен шалақазақтарды жек көреді. Қазақ тілін әлемдік тіл ретінде көргісі келген ол бұл жолдан шығудың амалын табады. Дәурен өз лабораториясында мәңгі өмір сүруге болатын қоспа дайындап шығарады. Бірақ ол сиқырлы қоспа тек таза қазақша сөйлейтін жандарға беріледі. Өмірін мәңгі сүргісі келетіндер, өз тілін білмейтін қазақтардан бөлек, өзге ұлт азаматтары мен шетелдікдер қазақ тілін үйреніп жүреді. Және күндердің бір күнінде сол кездегі Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама Дәуренге хабарласып американдық халықтың түгелі қазақ тілін үйреніп жатқандығын және ол қоспаны өз бағасынан екі есе қымбат бағада алатынын жеткізеді. Сөйтіп қазақ тілі әлемдік тілген айналады. Осылайша, шексіз әрі шетсіз дамыған Қазақстан жерінен ғарышқа атанған қазақтар өзге планеталықтармен жүздесіп, тіпті олардың өзі қазақ тілін үйреніп жүргенін көреді. Осындай тамаша нотада Дәрен жалдамалы пәтеріндегі ұйқысынан оянып кетеді. Бұл тек түс пен арман-қиял екенін көрген Дәуреннің әп-сәтте көңіл-күйі бұзылып кетеді.

Комедиялық туынды әзілмен астарлап, қоғамда туындаған проблемаларды қоғауға тырысқан. Кинокартина 2010 жылы ақпан айының жиырма төртінші жұлдызында көрермен назарына ұсынылған. Фильмді «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер киностудиясы жарыққа шығарған. Картинаның қоюшы-операторы – Қазбек Өміржанов, ал фильмнің директоры – Еркін Мержақып. Композиторы – Бақытжан Қонысбаев.  Басты рөлдерді сомдағандар: Дәурен Жұмаділов, Ақерке Мұстафаева, Гүлшат Тұтова және Алижан Идрышева.

«Астанаға көктем кеш келеді»

Фильм Қазақстанның бас қаласының енді ғана аяққа нық тұрып келе жатқан кезеңінен басталады. Ауылдан қалаға арман қуып келген жас бойжеткен емтихандардан сүрініп, оқуға түсе алмай қалады. Ауылына қайтуға намыстанып, енді өз күнін өзі көруге бел буған басты кейіпкер өмірінде алда оны талай жетістіктер мен қуанышты сәттер күтіп тұрғанын сезеді. Сол кезде република астанасы Ақмолаға ауыстырылатыны туралы жаңалықтар шығады. Сөйтіп, өз болашағын жаңа қаламен байланыстырған бойжеткен құрылыс орталығына жұмысқа тұрады. Сол кезден баастап оның өмірінде шытырман оқиғалар басталады. Адал сүйген адамы оны тастап кетіп, жүрегі жаралған бойжеткеннің басынан мұңды хикаялар да өтеді. Бірақ араға жылдар салып, өз аяғына нық тұрған басты кейіпкер қаладағы ең беделді құрылыс компаниялардың бірінде директор қызметінде жұмыс істейді. Бақытты өмірге қол жеткізген ару өз сүйікті болашақ жарын жолықтырып, өз арманындағыдай өмір кешеді.

Фильмнің бас режиссері – Еркін Рақышев. Рөлдерде ойнағандар: Ержан Жақсылықов, Сәрсен Сүлейменов, Сырым Қашқабаев, Сая Тоқманғалиева, Арай Орақбаева, Қуанышбек Мамытқалиев, Шәміл Жүніс және Шәмшәгүл Меңдиярова.  

«Тұрар Рысқұлов»

Тұрар Рысқұлов туралы түсірілген деректі фильм. Кинотуындының режиссері Еркін Рақышев. Тұрар Рысқұлов туралы тың деректерді шығармашылық топ Ташкент, Бішкек және Мәскеу қалаларынан іздестірген. Тұрардың өмірінде орын алған тарихи оқиғалар мен маңызды даталардың ерекшеліктерін барынша ашуға тырысқан кинотуындыда белгілі актерлер бой көрсеткен. Тұрардың образын ашуға сенім білдірілген дарынды актер Мәлік Ақүрпеков болды. Ал Тұрардың әкесі Рысқұлды сомдауға Темірбек Жүргеновтың баласы – Бижан Жүргенов болды. Сонымен қоса, фильмдегі Ахмет Байтұрсыновтың рөлін өз немересі сомдаған көрінеді.

«47 баланың анасы»

Режиссер Олжас Нұрбай мен BAS Production компаниясы «47 баланың анасы» көп сериялы мелодрамасын түсірген болатын. Сериалдың тұсаукесері 14 тамызда Qazaqstan телеарнасында өткен еді.

Сюжет бойынша, басты кейіпкер актриса Гүлшат Тұтованың орындауында балалар үйінің директоры болып жұмыс істейді. 47 жетім бала үшін еріксіз ана болған әйел бала үшін махаббат пен қамқорлық кейде туыстық қатынастарға қарағанда маңызды екенін дәлелдейді.

Сондай-ақ, продюсер Ақылбек Досжанов, сценарист Рүстем Омаров, оператор Әлібек Әміржанов та телесериалдың өндірісімен айналысқан.

Жобадағы рөлдерді Гүлшат Тутова, еркін Әбдірешов, Аружан Аманғалиева, Әмина Әбділбекова, Арман Тоқтабай, Сахан Ақелеев, Ерзат Рамазанов, Фариза Исенбекова, Олжас Бекбауов, Ғазиза Тілеубай, Ерболат Әлқожаев орындады. Алматыда екі айдың ішінде 20 сериялы «47 баланың анасы» мелодрамасы түсірілді.Сериал Qazaqstan телеарнасының эфирінде 14 тамызда премьерасы орын алған. Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Олжас Нұрбай «Күрес» спорттық драмасын түсірген болатын. Қоюшы-режиссері – Олжас Нұрбай, қоюшы – оператор – Әлібек Әміржанов.  Фильмнің идеялық авторлары: Марат Оралғазин және Рүстем Омаров. Сценарийін жазған Рүстем Омаров. Картинаны әсем әуенмен әрлеген Абай Ақбаев. Ақылбек Досжанов продюсерлік еткен кинолентаның директоры Гүлназ Алтынбек.

«Аманат»

«Аманат» - Сатыбалды Нарымбетов түсірген қазақстандық тарихи-драмалық отандық фильм. Кинофильмнің Қазақстандағы тұсаукесері 2016 жылдың 19 мамырында өткен болатын. Фильм Кеңес өкіметі тарапынан «буржуазиялық ультрационализм» деп айыпталып, Қазақ ұлттық батыры — Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс кезеңі туралы ғылыми тұжырымдары үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы баяндайды. Фильмді Қазақстан Шет тіліндегі үздік фильм үшін «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Драмалық кинокартинаны режиссер Сатыбалды Нарымбетов түсірген. Продюсері Арман Асенов. Сценарий авторы Сатыбалды Нарымбетов. Басты кейіпкерлердің рөлін сомдаған актерлер қаттарында: Қарлығаш Мұхамеджанова, Дмитрий Скирта, Сергей Погосян, Азиз Бейшеналиев және Санжар Мәди бар. Операторлары:  Ескендір Нарымбетов және Александр Плотников. Композиторы Виктор Сологуб.

«Өз үйім»

«Өз үйім» кинофильмі Құдайбергеновтер отбасында орын алған оқиғалар төңірегінде өрбиді. Отағасы үш ұл тәрбиелеп өсірген отставкадағы полковник. Олардың екеуі үйленіп, қазір жұбайларымен бірге әкесінің үйінде қара шаңырақта тұрады. Алайда, Құдайбергеновтердің кенжесі үйленуге бел байлаған кезде кейіпкерлердің тыныш және қалыпты өмірі бұзылады. Жаңа келін қалыптасқан отбасылық өмір салтын өзгертуге тырысады. Картинада: Айткүл Құдайбергенова, Қанат Құдайбергенов, Жанболат Ербатыров, Жазира Байырбекова, Айбек Жансейітов мен Айша, Арман Қоңырбаев және Аша Матай сомдаған. Анвар Матжанов режиссерлік етті.

«Күй ғұмыр»

Үлкен әулеттің қариясы өз балаларын, немерелерін, отбасын жақсы көреді. Оларға қашанда қолдау көрсетіп, ққорғап отырады. Сырттан отбасы өте тату-тәтті, үлгілі жанұя болып көрінгенмен, олардың жасырып қалған сырлары көп. Қария отбасында қазақ домбырасының шырқалғанын және мүлде болмағанын қалайды. Ол өз үлдары мен немерелерінің бұл аспап түріне жақын болғанын ешқашан қаламайды. Оның мұндай ұстанымын ешкім де ұғынбайды, түсінбейді. Бірақ отбасылық дәстүр мен шектеуге қарсы тұрған қарияның бір немересі болады. Мектепте оқитын ол домбыраға, оның үніне қатты ғашық болады. Атасының қаталдығына қарамастан, ол бұл аспапты үйренгісі келеді. Мектептегі математика пәнінің мұғалімінен бұрынғы күйшінің немересі болады. Сол мұғалімнен жасырын түрде өзіне домбыра үйретуді өтінген ол домбыраның құлағында ойнайды. Бірақ мұндай талантымен ешкіммен де бөлісе алмайды. Енді ол өз атасының неге бұл аспапқа қатты қарсылық білдіретінін, неліктен домбырадан бас тартуы керектігінің жауабын іздейді.

Кино туынды 2018 жылы желтоқсан айының он жетінші жұлдызында тұсауы кесіліп, көрермен назарына ұсынылған болатын. Режиссер: Айбек Дайырбеков. Басты рөлдерді сомдағандар: Гульшат Тутова, Ондасын Бесикбасов, Сагызбай Карабалин, Жомарт Зейнабил, Дархан Дайырбек, Жасулан Копберген, Бахыт Алипбаева, Жайна Туратбекова, Айзада Сатыбалдиева, Қонысбек Бегайдаров, Асылбек Капаев, Лаура Мырзахметова, Шарипбек Закиров және Назерке Ноғайбай. Сценарий авторлары: Гульнар Салыкбай. Продюсері - Женис Туматаев.

«Золушка Зауре»

«Зәуре» -әкесіз өскен қарапайым қазақ қызының хикаясы. Анасы оған қолынан келгеннің бәрін берді, бірақ әкесі туралы ешқашан айтпады. Кейде қыз одан сұрауға тырысты, махаббат туралы сұрақтар қойды, бірақ анасы бұл құпияны өмір бойы сақтап келді. Ол ешқашан қызына шындықты айтуға уақыт таппады, оған бәрін айту үшін күш жинай алмады. Бірде Зәуре мектептен үйге оралып, марқұмның анасын тапты: ең жақын және маңызды адамның кенеттен қайтыс болуы оның өмірін бұзды. Кейіпкер ауылда, осы жылдар бойы анасымен бірге өскен үйде жалғыз қалды. Анасының заттарын іздей  отырып, Зәуре әлдебір Жандосқа жолданған хатты табады. Қыз жазылғанын оқып, бәрін түсінді: анасы өмір бойы бір адамды жақсы көрді, бірақ ол басқа отбасымен тұрады. Сондықтан кейіпкер әкесінің қалада басқа әйелмен және балаларымен бірге тұратынын білді. Ол бір кездері Зәуренің анасы рухтандырған суретші, бірақ кейінірек олардың арасында не болды? Сериалда Золушканың оқиғасы қыз бәрін тастап, әкесін іздеуге барады, анасының айтуынша, ол өте ұқсас. Үлкен қалаға жалғыз бару қорқынышты болса да, жоғалтатын ештеңе жоқ. Зәуре әкесін табу үшін Алматыға келеді. Ол үйде тапқан анасының барлық хаттарын оқып, оны табуға шешім қабылдады. Жүздеген мың адам тұратын қалада бір адамды қалай табуға болады? Іздеу айналады приключение және оның басында қыз жоғалтады барлық ақша. Ол тоқтаған туыстары оны үйден қуып шығарады, бірақ кейіпкер үміт үзбейді және іздеуді жалғастырады. Онлайн сериалда Зәуре провинциалку күтеді көптеген жаңа кездесулер, жағымды және қауіпті танысу. Мақсатты және қарапайым қыз кедергілерден қорықпайды және адамдармен ортақ тіл таба алады.

Кинотуындының режиссері дарынды киногер Ернар Нұрғалиев түсірген. Идеялық авторы – Асқар Узабаев. Продюсерлері: Асқар Узабаев және Ринат Сафаров. Фильмде бой көрсеткендер: Венера Ниғматулина, Артур Төлепов, Динара Бақтыбаева, Гүлшат Тұтова, Жандос Айбасов, Шыңғыс Қапин, Айнур Ниязова және басқалары. Телехикая 2016 жылы көрерменге ұсынылған болатын.

«Счастливые дни»

АҚШ-та өмір сүргеннен кейін Арман туған өлкесі Қазақстанға қайта оралады, сол жерде қарт анасы қалады. Кішкентай ауылға келіп, ол ауыл өмірінің қиындықтарымен және ұлттық нақышпен бетпе-бет келеді. Осыдан он жыл бұрын Арман Америка Құрама Штаттарына оқуға кетіп, онда Аида есімді қызбен танысып, үйленеді. Олардың үшінші сыныпта оқитын ұлы Алан бар. Арман дәрігер, ал Аида – киім дизайнері болып табысты жұмыс істейді. Отбасы шетелде тыныш және бақытты өмір сүреді және Қазақстанға оралғысы келмейді. Арманның анасы Науат әдеттегі өмір салтын құптамайды.Қарт әйел қыздарына көшіп, әкесінің үйін тастап кетуден бас тартады-ол ұлын туған ауылына қайтаруды армандайды. Бұл туралы білген Арман Аида мен Аланды қысқа уақыт ішінде ауылға баруға көндіреді. Осылайша, отбасын «американдықтар» үшін қиын болып көрінетін жаңа ауыл өмірімен таныстыру басталады. Батырлар ауылда қалады ма, әлде АҚШ-қа оралады ма? «Бақытты күндер» - отбасылық құндылықтар мен тамырларға оралу туралы комедиялық серия. Кинофильмде Али Марат, Куандык Шакиржанов және Архат Кайратулы басты рөлді сомдаған.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  massaget.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы