Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 наурыз, 2020535

Отандық «дорама» дәуірі

Қазір Азиялық сериалдар елдегі жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымал.

Сүйкімді актерлер бейнесі, сиқырлы сюжет пен ертегідей махаббат оқиғалары. Мұның барлығын бүгінде  корей мен жапон халқы таспалайтын фильм мен сериалдарды қазіргі тілмен айтқанда «Дорама» деп атаймыз. Ал біздің елде мұндай жанр қашан пайда болды және оны кім дамытып жатыр? Отандық киностудиялар ұсынған дорамалар қандай?

 

ҚАҒАЗ КЕМЕ

«Қағаз кеме» еліміздегі жастарға арналған алғашқы заманауи сериал. Оның басты ерекшелігі де жоқ емес, жас буынның сүйіп тыңдайтын музыкалық «Ninety one»  тобының барлық құрамы дәл осы отандық картинада бой көрсетеді. Сол себепті де, туындының жартылай музыкалық сериал атануы құпия емес. Жалпы сюжет желісі бойынша, оқиға өнер мектебінде білім алатын жастардың бастан кешкен қызықты оқиғалары жайында. Жарқын болашаққа үміт артқан жоғарғы сынып оқушыларына бұл оқу орны өз арманыңа адал болып, тек жүрегіңді тыңдау қажеттігін үйретеді. Сонымен қатар, басты кейіпкерлер арасында шынайы махаббат сезім мен достық та ерекше орын алады.

 

СҮЙКІМДІ СТОРИС

Келесі қазақстандық «дорамалар» қатарын Сүйкімді сторис (Suikimdi Stories) атты алғашқы веб - сериал толтырды. Бұл картинаның ерекшелігі – көрермен назарына толығымен интернет желісі арқылы ұсынылады. Яғни, әрбір жан сериалды онлайн режимінде кез- келген жерде тамашалай алады.

Сериал желісі ескі достар Ильяс пен Жұлдыз туралы. Қалаға үлкен мақсатпен келген Ильяс өзінің кішігірім кәсібін қолға алады. Ал Жұлдыздың жүрегі жараланған, ол өзінің ескі махаббатын әлі де ұмыта алар емес. Кездейсоқ кездесіп қалған ескі достар енді бір-біріне көмектесуге тырыспақ болады, Ильяс өз кафесінде Жұлдыз үшін жігіттермен әртүрлі кездесулер ұйымдастырады. Бойжеткеннің жүрегін жаралаған жігітті өкіндіру және қызғандыру мақсатында оның барлығын инстаграм желісіне салып отырады. Оның бұл амалынан қандай нәтиже шығады екен?

 

 

БІР ТОҚСАН

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму істер министрлігі ұйымдасуымен түсірілген бұл сериал отандық картиналар ішінде көш бастады. Бар жоғы 10 бөлімнен тұратын туындыны көрермен ерекше қабылдағаны сөзсіз. Оған YouTube желісіндегі әрбір серияның кемінде 1 млн. қаралым жинағаны дәлел. Жеңіл сюжет, сұлу кейіпкерлер, әдемі локация, заманауи әзілдер мен сапалы әуендер. Мұның барлығын қамтыған бұл сериал жастарға ұнамауы мүмкін емес еді.

 Оқиға қарапайым мектептегі оқушылар жайында. Олардың әрқайсысының өзіндік тарихы мен ешкіммен бөлісе бермейтін құпиялары бар. Жоғарғы сынып оқушылардың мектеп қабырғасында кезігетін шытырман оқиғалары баяндалады.

 

 

Автор:  Ахмадиева Жанерке

Фото:  suikimdi.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы