Размер шрифта:

Цветовая схема:

03 ақпан, 2021279

Отандық картина In the Palace халықаралық кинофестиваліне қатысады

Режиссер Жаннат Алшанованың соңғы картинасы 18-ші In the Palace қысқаметражды фильмдер халықаралық кинофестивалінің негізгі іріктеу парағына ілінді. «История цивилизации» қысқаметражды лентасы фестивальдің «Күміс ханшайым» байқауының (Оскар жүлдесіне біліктілігі) «Үздік фильм» категориясында бақ сынамақ.

Отандық картина бұл байқауда Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Ирландия, Оңтүстік Корея, Германия, Австралия, Украина және тағы басқа елдердің киноөнімдерімен сайысқа түсіп, «үздік» атағы үшін жарысатын болады. Аталған категорияға барлығы 37 кинолента қатысып отыр.

«История цивилизации» кинокартинасы Алматыдан туманды Лондонға көшуге асық Индира есімді қыздың хикаясынан сыр шертеді. Алайда қыз дәл кетер алдында шешімінен бас тартып, қызықты оқиғалар легіне тап болады.

15 минуттық кинолентаның түсірілімдері 2019 жылы Алматы қаласында жүргізілген. Бұл - режиссердің үшінші еңбегі. Ондағы бас рөлді қазақстандықтарға Mergen атымен танымал талантты қазақстандық композитор Ақмарал Зықаева сомдайды. Фильм саундтрегін шығарған да сол болды. Ал бас ер адам рөлін картинада суретші Айдар Әлімбаев орындайды.  

Айта кетейік, 18-ші In the Palace қысқаметражды фильмдер халықаралық кинофестивалі 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында Варна қаласының Фестивальді және Конгресс-орталықтарында өтеді.  Аталған фестиваль жас режиссерлерге де, танымал кәсіби мамандар үшін де өзін-өзі танытудың жайлы платформасын ұсынады. Студенттік фильмдердің жарыс форумы ретінде бастау алған шара бүгінде Болгариядағы ірі әрі ең беделді қысқаметражды фильмдер фестиваліне айналып отыр.

 «История цивилизации» қысқаметражды фильмінің жеңістері көп. Солардың бастысы - өткен жылы Локарнода өткен халықаралық кинофестивальдегі «Күміс барыс» мүсіншесі.

Атап өтейік, өткен қаңтар айының 25-29-ы аралығында Триесттегі кинофестиваль аясында өткен When East Meets West бірлескен киноөнімнің халықаралық форумында Жанат Алшанова өзінің «Победителей Видно на Старте» дебюттық толықметражды картинасының жобасы үшін жеңімпаз атанған.    

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы