Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 қаңтар, 2021287

Отандық картиналардың ремейкі Түркияда түсіріледі

Франшизаға айналған «Бизнес по-казахски» мен «Му love is Aisulu» фильмдері енді түрік тілінде де жарыққа шығады. Бұл туралы картиналар продюсері Нұрлан Қоянбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жоғарыда аталған отандық комедиялар түрік тілінде шығатынымен, аударылмайды. Фильмдер түрік актерлерімен қайта түсіріледі екен.

«Менің бұрыннан қазақ киносын шетелде көрсетсек екен деген арманым бар еді. Осыған дейін қазақстандық киноиндустрия шетелден идея алатын болса, енді бізден де оларға ұсынып жатырмыз», - деп жазды Қоянбаев.

Естеріңізге сала кетейік, түсірілімдері 2016 жылы Алматыдан бастау алған  «Бизнес по-казахски» комедиясының бүгінде бірнеше бөлімі бар. Осы уақытқа дейін комедия Африка, Америка, Корея елдерін аралап, кәсіпқой қазақтардың шытырман оқиғаларын үлкен экран арқылы паш етті.  Франшизаға айналған туындының соңғы бөлімі – «Бизнес по-казахски в Корее» прокатқа 2019 жылдың соңында шығып, отандық кинематограф тарихында тұңғыш рет кассалық жиын бойынша атақты «Марвел» компаниясының «Мстители» блокбастерін шаң қаптырды. Картина қазақстандық прокатта 1 миллиард теңгеден аса қаражат жинаған. Бүгінде «Бизнес по-казахски» комедиялар желісі отандық кино туындыларының үздіктері қатарында.

Фото:@koyanbayevnurlan

Белгілі болғандай, Қоянбаевтың командасы өткен жылы франшизаның жаңа бөлімін Түркияда түсірген. «Бизнес по-казахски в Турции» деп аталатын жаңа туынды үлкен үлкен экрандарға қашан шығатыны әзірге белгісіз. Анығы – картинада алдыңғы бөлімдерде өнер көрсеткен актерлер қатарына танымал отандық вайнер Жахан Отарғалиев пен жүргізуші әрі актер Қайрат Әділгерейлер қосылды. «Түркиядағы «кәсіпқой қазақтармен» бірге сонымен қатар атақты түрік актері Қадыр Доғулу да өнер көрсетеді.   

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы