Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 тамыз, 2020361

Отандық каскадерлер түркиялық сериалға түсіп жатыр

Қазақстандық Nomad Stunts кәсіби каскадерлер клубы Түркия мемлекетінің екі бірдей телехикаясында түсіп жатыр. Ол туралы каскадерлер ұйымының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария етілді.

 

Еліміздің Жандарбек Күнғожинов бастаған халықаралық Nomad Stunts кәсіби каскадерлер клубы бүгінде керемет жетістіктер мен жеңістерге кенелгені жасырын емес. Ол өздерінің үлкен тәжірибелік еңбектерінің арқасында көптеген әлемдік және отандық киножобаларда өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі. Садақ ату, атпен шабу, акробатика, от пен суға түсіп, кәсіби техникалық жаттығуларды жоғары дәрежеде ойнау тек отандық Nomad Stunts кәсіби каскадерлер клубының шеберлерінің қолынан келсе керек. Бүгінгі таңда оқ бойы оза түскен, алға суырылып шығып таңдалып алынған еліміздің  үздік каскадерлері Түркия елінде біршама алпауыт жобаларда еңбек етіп жатыр. Олардың бірі телехикаялар болады деп күтілуде. Алайда, ұйымның пайымдауынша, жасалған келісімшарт пен ережелерге сәйкес түркиялық жобалар туралы қандай да бір мәліметтерді жария етуге рұқсат жоқ. Яғни, жақын арада немесе болашақта мұсылман бауырларымыз түсірген түрік сериалдарынан еліміздің Nomad Stunts каскадерлерін көре аламыз. 

Айтка кеткен жөн, бұл Nomad Stunts каскадерлері жұмыс істеп жатқан алғашқы түркиялық жоба емес, бұған дейін отандық каскадерлер «Dirilis Ertugrul» картинасы бойынша да еңбек еткен еді.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @nomadstunts

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы