Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 2020458

Отандық киноиндустрияда baby-boom

Қазақстандық киноиндустриямызда қуанышты жаңалық. Актриса Динара Бақтыбаева жақында ана атанбақ. 

Отандық үздік кинофильмдерде жиі бой көрсетіп жүретін еліміздің сүйікті актрисаларының бірі Динара Бақтыбаева жақын арада ана атанатынын жеткізді. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында бөліскен болатын. Динара Бақтыбаева өз сүйіктісі Арман Байтасовқа тұрмысқа шығып, жақын арада сәбиін күтіп жүргендігі туралы қуана жеткізді. Ғашықтар тоғыз жыл бойы кездескен.   Осындай керемет сәтте жасалған фотосуреттерін желіге жүктеген ол, әріптестерінен, жақын достары мен кино сүйер қауымнан және де өз жанкүйерлерінен ыстық ықыластары мен құттықтауларын қабылдап жатыр. Актрисаның керемет суреттерін бізде сіздермен бөлісуді жөн санаған едік. 

@Dika_strai

Динара Бақтыбаева Жаңаөзен қаласында мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылы он жетінші қарашада туылып, кейіннен отбасымен бірге Атырау қаласына көшіп келеді. №30 мектеп-гимназиясында білім алады. Алматы қаласындағы энергетика және байланыс университетінде “Радиотехника, Электроника және Телекоммуникациялар” мамандығы бойынша білім алып, тәлім алады. Алғашқы мамандығы өнерге және жалпы актерлікке қатысы болмағанымен өмір жолы оны кино әлемімен тоғыстырады. Ол өзінің дебютін 2013 жылы “Он и она” кинокартинасында жасаған болатын. Сәкен Жолдас режиссерлік еткен картина сол кездегі жастар арасында мега хит аталғаны жасырын емес. Алия Меңдіғожина мен Сәкен Жолдастар продюсерлік етіп, Айдар Оспанов қоюшы-режиссерлік қызметті атқарып, жұмыс істеген. Фильмнің желісі бойынша, екі ғашықтың мінсіз сезімдері мен адал махаббаттары суреттеледі. Үлкен қала. Екі миллион тұрғыны бар  ғана бастап келе жатқан жас сценарист. Оның өмірі жайбарақат және ешбір айтулы оқиғаларсыз жалғасын тауып жатады. Бірақ оның өмірінде ол пайда болады. Осы кезеңнен бастап бәрі де өзгереді. Алайда, барлық кездесулерден және оқиғалардан кейін, ол кенеттен оның өмірінен жоғалады, бұл оны мәңгілікке өзгертеді… Романтикалық комедияда басты рөлдердің бірінде Динара Бақтыбаевадан бөлек қазақ киноматографиясының  жарық жұлдызы, талантты әрі дарынды актер Жандос Айбасов сомдаған еді. Сонымен қатар, Жанна Қуанешова, Бақытжан Альпеисов, Айжан Нұрмағамбетова, Азат Сейтметов, Ақбота Болатқызы, Борис Мен, Әнуар Нұрпейсов, Бибігүл Сүйінішалина және Асылхан Төлепов сияқты отандық кино саламыздағы белді және сұранысқа ие актерлер бой көрсеткен болатын. 

@Dika_strai

Динара Бақтыбаеваның кино карьерасында мол табысқа кенелген кинофильмдер жетерлік. Актриса сол фильмдердің арқасында біршама жетістіктерге кенелгенін, көптеген беделді кино байқаулардан жүлделі орын алғанын жасырмайды. 

@Dika_strai

Динара түскен тағы бір танымал картиналардың бірі “Так сложились звезды” болды.  Екі мың он алтыншы жылы ресейлік режиссер Сергей Снежкиннің түсірген картинасы. Фильм Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған "Елбасы жолы" киноэпопеясының бесінші бөлігі болып есептелінеді. Бұрын "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен", "Темір тау" және "Тұйық шеңберді үзу" фильмдері жарыққа шығып, кино сүйер қауымның назарына ұсынылған болатын. Сценарий Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптарының желісі бойынша оның әріптестерінің, достарының және серіктестерінің естеліктерін пайдалана отырып жазылған. Фильм сюжеті бойынша, ағылшын тілшісі "Елбасы" деп аталатын Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алу үшін Астанаға келеді. Назарбаев өзінің ағылшын қонағын қабылдайды. Сұхбат Назарбаевтың өмірі, тағдыры және тәуелсіздік алудың қиын жолы туралы әңгімесіне өтеді. Президент жазушыны 1984 жылы Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалғаннан бастап 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланғанға дейінгі өмірінің ең қиын әрі қызықты кезеңдерін баяндай отырып, жергілікті әдет-ғұрыптармен таныстырады. Фильмде Берік Айтжанов-Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін,  Хью Фрейзер-Джереми Вильсоннің (Британдық тілші), Сергей Гармаш-Геннадий Колбин, Динара Бақтыбаева-Динара Назарбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова-Дариға Назарбаева, Алдабек Шалбаев-Дінмұхамед Қонаев, Игорь Угольников-Михаил Горбачев, Дарья Мороз — Раиса Горбачева, Юрий Ицков-Константин Черненко, Азамат Сатыбалды-Ерлан (прототип-Серікболсын Әбділдин), Фархат Әбдірайымов-аспаз, Олег Волку-Виктор Мирошник, ҚазССР КГБ төрағасы, Артур Ваха-Владимир Шляхтин, генерал-майор, Ғани Құлжанов-Самат (прототип-Нұртай Әбіқаев), Алексей Гуськов-Борис Ельциннің рөлдерін сомдаған. Кинокартинаның сценарий авторы және режиссері — Сергей Снежкин болды.  Қоюшы оператор ретінде Сергей Мачильский еңбек етті. Тарихи фильмнің түсірілімдері 2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың қаңтарына дейін жалғасты. Алматыда фильм түсірілімінің 40% - ы түсірілді. Қарағандыда 1989 жылғы шахтерлердің көтерілісі, кеншілер Үкіметке өз талаптарын қойып, күні бойы және түні бойы көмір департаменті ғимаратының жанында ереуілге шыққан ел тарихындағы драмалық сәт фильмнің басты көріністерінің бірі ретінде кадрға енгізілген болатын. Горбачевтің бидай алаңына келу сахнасы Астана маңында түсірілді. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы фильмнің көпшілік сахналарының бірі Алматыда қыста Санкт-Петербург қаласында жалғасын тапты. Бұл эпизод түсіріліміне күн сайын 600-ден астам адам қатысты. Фильм 1,2 миллиардтан астам теңгені құрады. 

Актриса Динара Бақтыбаеваның келесі туындысы ретінде елге белгілі продюсер және актер Нұртас Адамбаевтың киностудиясы түсірген “Құдалар (Сваты)” кинокомедиясы болды. Басты рөлдерде Нұртас Адамбаев, Жан Избасар, Райхан Калиолдина, Дархан Дайырбек және Динара Бақтыбаева сомдаған болатын. Фильм желісі бойынша, жас жұптың өз өмірлерін неке қиюымен байланыстыруға шешім қабылдайды. Алайда барлығы да сәтті бола бермейді. Балаларының неке қиюына қарсы болған ата-аналарының қырсықтығы туралы қызықты оқиға бейнеленеді. Балаларының мұндай жаңалығына аса қуана қоймаған қос ғашықтың ата-аналары өте қатты таң қалады. Екі жақтың да аналары мұндай асығыс және күтпеген шешімді күтпеген еді. Жігіттің ата-анасы ауылдың қарапайым қызын келін ретінде көргілері келсе, қыздың әкесі мен шешесі өз күйеу баласының қаланың заманауи жігіт болғандығын қалаған. Өз кезегінде күйеу жігіттің анасы Райхан ұлын әлі ойлауға көндіруге тырысады. Бірақ жастар өз шешімін өзгертпеуді шешеді. Ата-аналарында құдалықты ұйымдастырып, той өткізуден басқа ешқандай шарасы қалмайды. Бірақ ол да бір қызықты оқиғалармен жалғасын табады. Бірақ барлығы да бұлай сәтті бола бермейді. Ата-аналарының шешемі жұрыс болғандығына көзі жеткен қос ғашық тойдан бас тартып, айырылысуға дейін барады. Данияр мен Диана қарым-қатынасты қайта қалпына келтіре ала ма? Алматы мен Шымкенттен құдалардың ортақ тіл таба алады ма?

Динараның келесі сәтті жобаларының бірі “Ласковое безразличие мира” деп аталады. Адильхан Ержановтың режиссерлігімен түсірілген картинаға белгілі танымал режиссер Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев продюсерлік еткен. Картинаның сценарий авторлары Ролаф Ян Миннебоо пен Адильхан Ержановтар. Басты рөлдерде Салтанат атты басты кейіпкердің рөлін Динара Бақтыбаева және Қуандык есімді кейіпкердің рөлін  Қуандық Дюсембаев ойнайды. Әлемдік премьераға ие болған фильм Канн кинофестивалінде тұсауын кескен болатын. Сюжет желісі бойынша, Қуандық пен Салтанат Астанаға алыс ауылдан келеді. Салтанаттың отбасы үлкен қарыз болып қалады. Оған таңдау жасау керек болады. Бай бизнесмендердің көңілдесі немесе анасының түрмеге түсуі. Қуандық Салтанатты құтқарғысы келіп, қомақты қаржыны барынша жылдам табуға тырысады. Бірақ, бұл ол үшін үлкен қиындық тудырады. Қатал заңдары бар қала ережелері қос ғашықтардың барлық үміті мен сенімінен айырады. Бірақ, Қуандық пен Салтанат барлық мүмкін болатын тәсілдермен қарсы тұруға тырысады.

Аталған кинофильм Францияда сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болып, бірнеше рет ірі халықаралық фестивальдерде, оның қатарында Канн кинофестивалінің "Ерекше көзқарас" секциясы бар. Сондай-ақ, отандық киножоба Германия мемлекетінің Берген қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде де жүлделі орынға ие болды. Кино Монреаль фестивалі, Токиодағы Халықаралық кинофестиваль және тағы да басқа кино байқауларға ұсынылды. Екі мың он сегізінші жылы фильм Қазан кинофестиваліндегі мұсылмандық кинолар қатарында бас жүлде алды. 

Жас актриса Бақтыбаеваның келесі картинасы ретінде «Золушка Зауре» картинасын айтуға болады. Кинода Динара Бақтыбаевадан бөлек Нурлан Туреханов, Венера Нигматулина, Айнур Ниязова, Чингиз Капин, Жандос Айбасов, Камила Байтленова, Артур Төлепов, Клара Бельжанова, Еркен Губашев сынды актерлер бой көрсеткен. Режиссері Ернар Нұрғалиев. Жақында ғана Динара үшін табысты жоба атанған «Черный, черный человек» кинокартинасы көптің көңілінен шыққан үздік туынды бола білді. Басты рөлдердің бірін сомдаған актриса осы рөлі үшін екі мың жиырмасыншы жылғы ұйымдастырылған әр жылы өтетін “Сыншылар таңдауы” премиясында “Ең үздік актриса” атағын жеңіп алған болатын. Динараның айтуынша, бұл марапат ол өте үлкен мәртебе. Себебі, осы номинация бойынша қазақстандық ең беделді картиналарда басты рөлдерді сомдаған еліміздің үздік актрисалары, олардың қатарында Ақана Сатаев режиссерлік еткен ауқымды жоба “Томирис” тарихи фильмінде патшайым Томиристің рөлін сомдаған Альмира Тұрсын да ұсынылған болатын. Сондай-ақ, Динара Бақтыбаева "Нархоз"," Зауре"," Адалиттер", " Унесенные рейсом"," В сетях"," Питер, "Құдалар", "Каникулы Оffline-2 !" сияқты отандық кинокартиналарда басты және қосалқы рөлдерді сомдаған. Сондай-ақ, Қазақстанның дарынды режиссерлерінің бірі Әділхан Ержановтың "Ласковое безразличие Мира", "Черный" және  "Бой Атбая" атты фестивальдік жобалары да бар. Динара Бақтыбаева түскен отандық кинокартиналар Канн фестивалі, Мумбай кинофестивалі, Сан-Себастьяндағы "А" класстық фестивалдерде еліміздің кинематографиясының абыройын әлемдік ареналарда асқақтатып жүр. Кино карьерада міне осындай табысқа жеткен Динара ендігі шаңырағынан түтінін тұтып, аяулы жан, асыл ана рөліне дайындалуда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы