Размер шрифта:

Цветовая схема:

19 маусым, 2020412

Отандық режиссер Шарипа Оразбаева жаңа туынды түсірмек

«Мәриям» атты дебюттық картинасымен талайды тамсандырып, көптеген Халыаралық кинофестивальдердің жеңімпазы әрі жүлдегері атанған режиссер әрі сценарист Шарипа Оразбаева жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті.

«Қызыл анар». Киногердің жаңа туындысы дәл осылай аталмақ.

«Достарым! Мен қалай болған күнде де жаңа жобаны қолға алуға кірістім! Жобаның атауы «Қызыл анар», авторлық толықметражды фильм. Бұл жобада мықты команда жұмыс істейтін болады (ол туралы кейінірек)», - деп жазады ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әзірге режиссер фильм актерлеріне кастинг өткізетінін жариялады. Айтуынша, бұл да бір жақсы фильм болады. Иә, оның «Мәриям» картинасынан кейін жаңа туындыдан да үміт зор.

Естеріңізге сала кетейік, «Мариям» толықметражды көркем фильмі қыстақта төрт баласымен жалғыз қалған ананың тағдыры жайынан сыр шертеді. Күйеуінің белгісіз жағдайда ғайып болуынан кейін барлық ауыр жүкті әйел адамға өзіне арқалауына тура келеді. Бұл оның өміріне түбегейлі өзгеріс әкеліп, маңызды шешімдерді қабылдауға үйретеді.

Фильм шынайы оқиғаға негізделген. Оның премьерасы өткен жылы Швейцарияның Локарно қаласында өткен Халықаралық кинофестивалінде өткен болатын. Бұдан бөлек, лента Торонтода, Пусанда, сондай-ақ Түркия, Испания және Франция елдерінде көрсетілді.

Ендеше, киногерге жаңа туындының түсірілімдері сәтті өтсін деп тілейік!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы