Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 сәуір, 2020450

Отандық табысты актрисалар

Қазақстандық кинематографиямызда таланты мен өнері келіскен, отандық жарқын актрисалар өте көп. Олар тек карьерасында ғана емес, сонымен қоса отбасында сүйікті жар және аяулы ана рөлін атқарып келеді.Ендеше,  сұлулығы мен ақылдылығы жарасқан қазақтың дарынды актрисалары кімдер?

Самал Еслямова

 

Қазақ өнеріндегі ең дарынды актриса – Самал Елямова. 1984 жылдың бірінші қыркүйегінде Солтүстік Қазақстанда туылған өнер жұлдызы болашақта отандық кино өнерінің  халықаралық аренаға көтерітінін кім білген. Ол 2018 жылы Канн кинофестивалінде “Ең үздік әйел рөлі” номинациясын жеңіп алған ең алғашқы қазақтың қызы, отандық актриса. Кинодағы алғашқы қадамын он екі жыл бұрын 2008 жылы бастаған болатын. 2019 жылы “Айка” картинасындағы рөлі үшін Asian awards Academy  ұйымдастыруымен “Азиялық Оскармен” марапатталған. “Айка” кинофильмінда Самал Еслямова баласын перзентханада қалдыруға мәжбүр болатын Қырғызстандық мигрант әйелдің рөлін сомдайды. Фильм түсірілімдері алты жыл бойы жалғасқан. Психологиялық драманың желісі 99 пайыз тек басты рөлдегі әйелдің тағдырын әрі оқиғасын суреттейді. Бұл рөл актрисаға айтулы атақ мен табыс алып келді. Самал Еслямоваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. Сонымен қоса, актрисаға мәдениет саласындағы 20 АЕК немесе 48 100 теңге көлеміндегі президенттік стипендия тағайындалған.

 

 

 

Аружан Джазильбекова

 

 Еліміздегі ең сұлу әрі танымал актрисалардың бірі Аружан Джазильбекова. 1986 жылы 25 ақпанда дүние есігін ашқан. Халықаралық лингвистикалық мамандандырылған нөмірі 105 мектеп- гимназиясында білім алған. Мектептен кейін 2007 жылы Қазақ менеджмент Институтын халықаралық журналист мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Ford Models Supermodel конкурсында жеңіске жетіп, нәтижесінде Еуропаның танымал халықаралық кутюр дизайнерлерімен жұмыс істеген. Осылайша өнердегі жолын Аружан Джазильбекова модельдікден бастаған. Advertising журналының шеф-редакторлық қызметінде де жұмыс атқарған.

 Актрисаның кино саласындағы қадамы 2010 жылы басталды. Ол кезде Аружанға отандық «Качели любви» фильмінің басты рөлін сомдау ұсынысы түскен болатын. Кейіннен актрисаның бойынан талантты байқаған режиссерлер Аружанды 120 сериялық «Асель, друзья и подруги» атты жастар сериалында басты кейіпкер Асельдің рөліне шақырады. 2012 жылы Джазильбекова Егорь Кончаловскийдің «Сердце мое – Астана» картинасына түсті. Отандық картиналардан басқа, Аружан Джазильбекова ресейлік кинематографияда актриса ретінде айтарлықтай танымал. Оны актрисаның түскен ресейлік картиналарының санына қарап байқауға болады. Мәселен, 2017 жылы «Адаптация» картинасында көрші елдің бірқатар танымал актерлерімен және атақты киногерлерімен бірге бой көрсетті. Сондай-ақ, актриса үшін ауқымды жоба бола білген ресейлік «Алтын Орда» сериалы  Аружан үшін үлкен тәжірибе болғаны сөзсіз. Ольга Ларинованың сценарийімен түсірілген туындыда тағы Юлия Пересильд пен Александр Устюгов сынды актерлер бой көрсетті. Одан бөлек, кино және телевидения актрисасы,  модель Аружан Джазильбекованың фильмографиясында мынадай картиналар бар: «Семейка Нуркеновых» 2012-2013, Kun saqshylary» 2013 - 2014, «Cвободные птицы» 2014, «Sanzhar men Qaysar» 2012-2014, « «Хранители солнца» 2014, «Свадьба на троих» 2015, «Ин100Грам» 2013, «Ограбление по - казахски» 2014, «Побег из аула. Операция Махаббат»  2015, «Анаға апарар жол» 2015, «Рэкетир 2» 2015, «Дорога домой» 2015.

Қазақстандық табысты актриса әрі модель Аружан Джазильбекова отандық режиссер Ахат Ибраевтың сүйікті жары.

 

Әлия Телебарисова

 

Еліміздегі сүйкімді актрисалардың бірі отандық киноматографияның жарық жұлдызы-  Әлия Телебарисова. Ол 1993 жылы 30 cәуірде дүние есігін ашқан. Алматылық бойжеткен Нью- Йорктық киноакадемиясында білім алған. Актерлік шеберлік бөлімі бойынша Лос- Анджелесте тәлім алған. Өз дебюттік рөлін елге белгілі танымал режиссер Ақан Сатаетың “Ағайынды” картинасында сомдап шыққан. Актриса би мен ән байқауларында талай жетістіктерге жетті. Ол халықаралық және отандық конкурстарының белсенді қатысушысы болды. Нәтижесінде, 2011 жылы “Алматы аруы” титулынының жеңімпазы атанды. Актриса Ақан Сатаевтың “Жау жүрек мың бала” фильмінен кейін халыққа таныла бастады. Ол «Одноклассники », «Вопреки всему», «Жаным», «Ағайынды - 2», «Жас Ұлан», «Город мечты», «Параллельные миры», «Бессоница» сынды фильмдерге түсіп үлгерген. Дегенмен соңғы уақытта актрисаны телеэкрандарда көрерммен көп байқай бермейді. Себебі, өнер адамы қазіргі күні кино саласында біраз уақытқа үзіліс алған. Отбасы мен қызына көп көңіл бөлетін актрисаны жаңа кинотуындыларда қашан көретініміз әзірге белгісіз болып қала бермек.

 

Гүлназ Жоланова

 

Кино экранының келесі жұлдызы Ақтаулық Гүлназ Жоланова. 1993 жылы 12 қарашада өмірге келген. Гүлназ бала күнінен өнерге жақын болып өскен. Ол кішкентай күнінен бастап бимен айналысып, гимнастикаға қатысқан. Мектеп жасынан бастап сұлулық байқауларына белсене қатысқан. Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Оның өнер жолындағы қадамына себепкер болған еліміздегі ең танымал продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Алакөзованың ұйымдастыруымен болатын жыл сайынғы “Қазақ Аруы - 2014” байқауының жеңімпазы болуы айтулы үлесін қосты. Аталған конкурстан кейін Гүлназға әртүрлі телебағдарламалар мен жобалардан, кино режиссерлерден ұсыныстар көптеп түскен. Ол дебюттік рөлін Баян  Алакөзованың продюсерлігімен таспаланған “Махаббатым жүрегімде” кинотуындысында алды. Актриса картинаның бірден екі маусымында басты рөлді сомдайды. Әріқарай Гүлназ Жоланованың кино карьерасы тек өрге қарай домалады. Ол көптеген танымал режиссерлер мен продюсерлердің картинасында көбіне басты рөлдерді ойнады. Мәселен, «Қыздар» 2015, «Бизнес по-казахски» 2016, «Тараз» 2016, «Әкім» 2019, «Қашқарияға саяхат» 2017 жылы түсрілген картиналар. Қазір актриса тағы да басқа жобалардың дайындығына белсене кірісіп кеткен. Дегенмен, Гүлназ Жоланова берген сұхбаттарында соңғы уақттырда тұрмыс құрып, бала сүйсем деген ниеттерін ашық білдіріп жүр. Ендеше, актрисаға болшақта адал жар жолықсын деген ниет білдіреміз.

 

Динара Бақтыбаева

 

Отандық кинолардың үздік актрисасы – Динара Бақтыбаева 1993 жылы 17 қарашада дүние есігін ашқан. Жаңаөзендік қыз арман қуып Алматыға келеді. Динара мамандығы бойынша актриса емес. Ол Алматы энергетика және байланыс университетінің түлегі. Техникалық мамандық бойынша білім алған Динараның дебюттік рөлі “Он и Она” фильмінде болды. Сакен Жолдастың режиссерлігімен түсірілген фильм актриса үшін өте табысты болғаны сөзсіз. Шын мәнінде, бұрын соңды актрисалық білімі болмаған Динара үшін киноға түсу біршама жаңашылдық болғанымен, актриса өз кейіпкерін толықтай алып шыға алды. Сондай-ақ, актриса «Нархоз», «Адалиты», «Золушка Зауре», «Так сложились звезды», «Оралман из Питера», «Супер той или замуж по- казахски», «Той любой ценой», «В сетях», «Құдалар», «Ласковое безразличие мира», «Дневник безумной женщины», «Каникулы off-line», «Черный, черный человек» және «Boy Atbaya» сияқты отандық ленталарда бой көрсетіп үлгерген. Динара Бақтыбаева еліміздіге кинематографиядан бөлек шетелдік кино саласында да сұранысқа ие бірден бір қазақстандық актрисалардың бірі екені мәлім. Ол бүгінгі күнге дейін бірнеше халықаралық жобаларға шақырту алған. Оның кинодағы карьерасында Себастьян Пейтердің сценарийі бойынша Джон Уэйттің режиссерлігімен түсірілген «Epic Warrior women» атты Ұлыбританиялық тарихи сериалы бар. Картина 2018 жылы жарыққа шыққан. Жақында актриса Динара Бақтыбаева тұрмыс құрып, экрандағы рөлін отбасындағы келіндік міндетке алмастырған бақытты жар.

 

Бибігүл Ақтан (Cүйіншалина)

 

Халықаралық актрисалардың тағы бір жарық жұлдызы Бибігүл Ақтан. 1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында танымал отбасында дүниеге келген. Бибігүлдің әкесі Ақтан Cүйіншалина атақты телевизиялық жобалардың негізін қалаған. Олар кезінде талай әртістердің жұлдызын жаққан халыққа белгілі SuperStar.kz және Сredit stori жобалары. Ал актрисаның анасы еңбек жолын “Қазақфильм” киностудиясында костюмерлік қызметінен бастап, екінші режиссерлікке дейін еңбек еткен. Бибігүл ешқашан актрисалық мамандықты армандамаған. Толық аты-жөні Бибігүл Ақтан Cүйіншалина, бірақ жұмысы үшін тегі ретінде әкесінің атын алған. Британдық колледжде Marketing Communications  мамандығы бойынша тәлім алған. Небәрі 9 айында оның отбасы Мәскеуге көшіп, қоныс аударады. Сол қалада оның модельдік карьерасы басталады. Сондай-ақ, Бибігүл модель ретінде Сингапур және Тайланд елінде біраз уақыт жұмыс істеген. Ол алғашқы дебюттік рөлін небәрі 15 жасында алған. Оның карьерасында «Он и она», «Qarakoz», «Старшая жена», «Ничего личного», «Фейк: береги себя», «Виртуальная любовь», «Астана- любовь моя», «Трубадур», «Красный лед. Сага о хантах», «Параллельные миры», «Выжить после», «Пираньи», «Земский доктор», «Гейзер», «Джокер» және  «Громовы. Дом надежды» сияқты картиналар бар.

 

Айнұр Ниязова

 

1885 жылы Павлодарда өмірге келген Айнұр Ниязова комедия, шытырман оқиғалы фильмдер, романтика және түрлі көркем фильм жанрлары бойынша фильмдерге түскен. Алғашқы рөлі “Жоюшы” киносынан басталған. Кино актрисасы өнер жолын театрдан бастайды. Ол актерлік мамандыққа оқып жүргенде-ақ, көзге түсіп “Ромео және Джульеттв” қойылымында Джульеттаның рөлін, “Күшік күйеуде” Ботка, “Менің махаббатым Электра” қойылымында Хрисотемиданың рөлін сомдаған. Жаны жан-жақтылықты сүйетін Айнұрдың бойында көптеген таланттар бар. Ол әншілікті де қатар алып, сонымен қатар сценарий жазумен де айналысады. Одан бөлек актриса өзінің бос уақытында әртүрлі әшекей бұйымдарды жасауды қолға алған. Айнұр Ниязова отандық кино саласынан бөлек қазір шетелдік фильмдерге түсуден де көптеген ұсыныстар алуда. Қазіргі күнге дейін актрисаның қанжығасында “Лаулат”, “Шытырман”, “25- километр”, “Жаным 2”, “Спасатель” сынды туындылар бар.

 

Ғазиза Тлеубай

 

Ғазиза Шымкент қаласының тумасы. Танымал отандық актриса 1997 жылы 11 мамырда Түркістан облысында дүниеге келген. Алғашқы фильмі атаулы “Қазақ Хандығы. Алмас қылыш” тарихи картинасы. Техникалық колледжді аяқтаған Ғазизаның ерекше келбеті мен фильм әлеміне деген құштарлығы үлкен киноға алып келеді. Актриса өзінің жас шамасына қарамастан кино саласында біраз жетістікке жетіп отыр. Ол «Қазақ Хандығы», «Сүйе білсең 1/2», «Ән аға» фильмдерінде өз кейіпкерін тамаша алып шыққан. Кинодан бөлек актриса әртүрлі бейнебаяндар мен жарнамалық роликтерге жиі түсіп тұрады. Ғазиза Тлеубай елге белгілі отандық актер Ербол Семқұловтың аяулы жары. Қазір жас отбасы Елтерес есімді кішкентай батырды тәрбилеп келеді.

 

Жанель Мақажан

 

Мақажан Жанель 1987 жылы Алматыда дүниеге келген. А.Жұбанов атындағы  музыкалық мектепті бітірген соң, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында “Драма және кино актері” мамандығы бойынша білім алған. Мұхтар Әуезов атындағы театрдың актрисасы. Театр сахнасында “Алдар көсе”, “Қаралы сұлу”, “Әке тағдыры”, “С любимыми не расставайтесь”, “Король Лир” секілді қойылымдарда өнер көрсеткен. Жанель Мақажан көптеген отандық фильм мен сериалдарда жиі бой көрсетіп тұрады. Оның сымбатты келбеті мен актерлік қабілеттерін кез-келген режиссер бағалап, көрермен сүйіп тамашалайтыны сөзсіз. Актриса “Сырғалым 2”, “Болашақ”, “Тағдыр”, “Побег из аула”, “Вьюнок”, “Сырғалым” серриалдарында бой көрсетіп, “Тоқал”, “Отен”, “Возвращение в А”, “Девшка из города”, “Путин а ханство” және атақты актер және белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың “My love is Aisulu” фильмдерінде өнер көрсеткен болатын.

 

Дина Тасболатова

 

Отандық жұлдыз Дина Тасболатова 1988 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Кейіннен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында “Кино және Телевизия” факультетінде білім алған. Ол алғашқы рөлін “Қазақфильм” киностудиясы таспалаған “Не теряй надежды” атты картинасында сомдайды. Фильм “Евразия” кинофестивалінде көрсетіліп, үлкен табысқа кенелді. Кейінрек актриса ресейлік “Алтын Орда” және “А.Л.Ж.И.Р.” картиналарына түсіп үлгереді.

 

Айым Сейтметова

 

Айым Сетметова- жастардың арасында танымал вайнер, белгілі актриса және тележүргізуші. Ол 1997 жылы тамыз айының 8- жұлдызында танымал актер Азат Сейтметов пен халықтың сүйікті актрисасы Данагүл Темірсұлтановалардың отбасында дүниеге келген. Жас актриса ата-анасының жолын қуып актерлік саласына назар аударады. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академисында білім алған. Бойжеткен бірнеше жылдың көлемінде көптеген картиналар мен жарнамалық роликтеріне түсіп, сондай-ақ инстаграм желісінде танымал вайнерлер тобының құрамында болған. Айым Сейтметова алғашқы рөлін “Сүйе білсең” атты романтикалық картинада алған. Одан кейін актрисаға “Жібек” фильмінде сомдаған басты рөлі біршама атақ алып келді. Сондай-ақ, Айым “Мезгілсіз Махаббат”, “Іңкәр жүрек”, “Ана жүрегі”, “Мажоры” және отандық белгілі актер әрі режиссер Нұртас Адамбайдың “Әкім” фильмінде ойнайды. Актрисаның айтуынша, бойжеткен түсетін ұсыныстарға қатаң қарайды. Ол үшін ең бастысы кинофильмнің сценарийі өте қызықты әрі тартымды болуы қажет. Өзінің тәжірибесінде ерекше ұнаған рөл әрі жобаларының бірі  “Инстаграмщица” сеткомы екенін айтады. Жақында ғана Айым өз ұясынан ұшып, тұрмысқа шыққан болатын. Актрисадан әлі алда қандай жобалар күтетініміз белгісіз.

 

Әсел Қалиева

 

Әсел Қалиева Қазақстан киноиндустриясында ерекше орынға ие киноактрисасы. Ол 1984 жылы қаңтардың тоғызыншы жұлдызында дүние есігін ашқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Мамандығы бойынша филолог. Киноға дейін телевизиялық бағдарламалардың тележүргізушісі болып қызмет атқарады. Актриса ретінде алғашқы дебютін “Жаным” сериалында алады. Актрисаның фильмографиясына назар салатын болсақ, “Побег из аула. Операция Махаббат”, “Жаным, ты не поверишь!”, “Қара шаңырақ”, “Оазис любви”, “Тікелей эфир” сынды картиналар бар. Отандық белгілі режиссер Ернар Нұрғалиевпен отау құрып, қазір кішкентай батырды өсіріп келеді.

 

 

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы