Размер шрифта:

Цветовая схема:

22 маусым, 2020217

«Отпуск в KZ» отандық жаңа веб-сериалы түсірілді

“Отпуск в KZ” туындысы отандық туризмді дамыту мақсатында еліміздің көркем жерлерін, әсем өлкелерін кино сүйер қауымға көрсету үшін түсірілген болатын. Әсерлі фильмде шытырман оқиғалар мен отбасылық құндылық, ата-ана мен баланың қарым- қатынасы, туға өлкеге деген махаббат бейнеленген.

 Қазақтың дарқан даласын, өлкеміздің  көркем жерлерін кино арқылы жеткізу үшін түсірілген “Отпуск в KZ” кинофильмінің  авторлары Венера Қайыржанова мен Алдияр Байракимовтар. Фильмнің сценарийі бойынша қарапайым отбасы туған жерге сапар шегеді. Жанұя құрамында атасы, әкесі мен анасы және үйдің еркелері кішкентай екі балғындар жасөспірім қыз бен сегіз жастағы балақай бар. Фильм авторларының айтуынша, отандық кино әлемінде мұндай тақырыпқа және осындай идея бойынша кинотуынды әлі түсірілмеген.  «Елдегі ішкі туризмді дамыту жоспарын кино арқылы да жүзеге асыруға болады, картина арқылы туристирді және өзіміздің тұрғындарды қызықтыруға әбден мүмкін»,- дейді киногерлер. Сондай-ақ, бұл идея қазіргі таңда өте актуалды болып отыр. Әлемде орын алған  пандемиямен тұспа-тұс келіп, мемлекеттер арасында шекаралар жабылған сәтте еліміздің тұрғындары ішкі туризмді дамыта бастайды. Ал бұл веб-сериал нағыз жол сілтеуші болуы мүмкін. 

Кино туындының желісі бойынша оқиға Қанаевтар отбасында бастау алады. Қанаевтар жанұясы жазғы демалысты көңілді өткізу мақсатында Қазақстан бойынша тур жасамақ болады. Үлкендердің бұл шешімі замануи дәуірде туылған балалар үшін іш пыстырарлық болып көрінеді. Олар Қазақстанда демалатын, көріп, тамашалайтын, саяхаттайтын жерлер мүлде жоқ деген ойда. Отбасының кенжесі Жасик Instagram желісінде өзінің жеке блогын жүргізеді. Онымен күнделікті орын алған оқиғалар мен жағдайлар туралы оқырмандарымен жиі бөлісіп отырады. Жасиктің пікірінше, бұл саяхат өміріндегі ең қызықсыз әрі зеріктірерлік болады. Бірақ ол да, оның жақындары да олардың алда қандай шытырман оқиғалармен, мистикаға толы жағдайлармен, кейде тіпті өмірге қауіп төндіретін кезеңдермен бетпе-бет келетінінен хабарлары жоқ. 

Фильмдерді түсіру оның ішінде саяхат тематикасы аса ауыр әрі қиын тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Себебі, бірінші кезекте түсірілім тобы барша ауыртпашылықты өткеруіне тура келеді. Осыны аңғарса да, “Отпуск в KZ” түсірілім командасы өз біліктіліктері мен сүйікті істеріне деген адал махаббатын таныта білді.  Түсірілім тобы үнемі бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, олар таң атқаннан күн батуына дейін жазық далада сәтті кадрларды іздеумен болды. Кинокартинаның авторлары түсірілім көптеген локацияларды қамтуы керек болғандықтан, барлық нюанстар мен жоспарларды жүйелі түрде ұйымдастыру өте маңызды екенін айтады. Түсірілім барысында стресстік жағдайлар да орын алғанын жасырмайды. Басқа көркемдік сериалдармен салыстырғанда картина үшін бюджеттік қор кішкентай болды. Командада қосымша қолдың жетіспеушілігі байқалғанымен, түсірілім тобына өз ісіне берілген білікті әрі әмбебап мамандар жиналған. Оны біз картина бойынша жұмыс істеген бір сценаристің кастинг жұмыстарымен де, шығармашылық департаментпен де, реквизиттер мен костюмдерді реттеп, біршама еңбек атқарғандығына қарап айтуымызға әбден болады.  

Веб-сериалдың жарыққа шығуына  өз үлесін қосқан қоюшы-режиссер Алдияр Байракимов, продюсерлері Максим Кореньков, Александр Поляев, Дәулет Есеналиев, сценарий авторлары Алдияр Байракимов және Венера Қайыржанова, қоюшы-оператор Максим Поляев, оператор Бахадир Юлдашев, грим бойынша суретші Мәдина Ақмырзаева және басқалары талмай жұмыс істеді.

Рөлдерді Ерболат Тоғызақов, Шыңғыс Байбатшаев, Зарина Жармұхаметова, Айиша Сатай, Ілияс Сатай және Арман Жақсығұлов сомдады.

Отандық кинотуындының сәтті шығуына үлкен еңбек атқарған сценарий авторы және режиссері Алдияр Байракимов болды. Себебі, жоба бойынша ең маңызды деген функцияларды өз мойнына алған. Картинаның сценариі, жалпы режиссура, сериалдың монтажы сияқты жауапты міндеттерді атқарып шықты. 

Киногерлер веб-сериалдың түсірілімі барысында таңғажайып жерлерде болып, Қазақстандағы демалыс әрбір жанға ерекше әсер беретіні сөзсіз деген қорытындыға келген. Команданың жоспарында Қазақстан бойынша саяхат кезінде отбасының жаңа оқиғалары туралы толық метражды фильм түсіру.

Айта кетейік, Венера Қайыржанова елге белгілі режиссер, сценарист. Ол 1989 жылы жиырма алтыншы қазанда дүниеге келген. Алғашқы жоғары білімін Республикалық эстрада-цирк колледжінде “Театр актері” мамандығы бойынша алса, кейіннен білімін қазақтың белгілі өнер адамдары тәлім алған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында “Кинорежиссер” мамандығы бойынша жетілдірген. Магистрлік деңгейін де дәл осы оқу орынында алған. Оның карьералық жолында "Тығындау", "Хлоп-топ", "4стул", "Вечномолодая”,  "Костюм",  "Чародехлебцы", "Аспан 9-гоэтаж", "Всехотятлюбви", "Борщ" және  "Студенттер” сияқты жобалары бар. Сондай-ақ, Венера Қайыржанова Алматы қаласында ұйымдастырылған "Байқоңыр" кинофестивалінде "Хлоп-топ" - "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алған. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласында өткен Moscow short film festival-де "Үздік сценарий" сыйлығымен марапатталған. "Листапад" кинофестивалі үшін қазылар алқасының арнайы  жүлдесі табысталды. ВГИК кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығы берілген. "Үздік монтаж" және "Үздік режиссура" бойынша "Жас Дидар" сыйлығымен марапатталды. Ногербек кинофестивалінде “Үздік фильм” номинациясымен үздіктер қатарынан көрінді. "Бастау" кинофестивалінде "Үздік әйел рөлін" жеңіп алса, 

"Арал-тур" - "Бастау" кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі", Алматы қ., Қазақстан. КИМЭП университетіндегі бейнематериалдар байқауының" Үздік әйел рөлі" "Correspondence" сыйлығын қанжығасына байлады. 

Ал жас режиссер Алдияр Байракимов 1991 жылы он алтыншы тамызда Алматы шаһарында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында “Режиссер, ТВ және кино продюсері”, “Өнертану ғылымдарының магистрі” және “Авторлық деректі фильмнің режиссурасы” мамандықтары бойынша білім алған. "Кездесу", "Монетка", "LOVE", “Кто такой продюсер?", " Один день из моей жизни", “Яма", "На грани", "Яма", “Жидкий Камень” және "В погоне за мечтой" сияқты жобаларының авторы. Сонымен қатар, Алдияр Байракимов 2011 жылы жиырма бесінші желтоқсанда Алматы қаласында ұйымдастырылған SWEDED FILMS FUN FESTIVAL  4 әуесқой кино фестивалінде  "Үздік грим және костюм" жүлдесімен және "Көрермендер көзайымы сыйлығы" номинациясымен марапатталған болатын. 2012 жылы мамыр-маусым айларында  "Anwest tour" қалалық қысқаметражды роликтер байқауы туристік тақырыпта "Аңшы" қысқаметражды ролигін ұсынып, жүлделі 1-ші орынға ие болды.

Сол Алматы қаласында өткен "Көзіңді аш 2012" республикалық әлеуметтік роликтер конкурсына қатысу "Тоқта желі" ролигі үшін "Үздік идея" номинациясы бойынша 4 - ші орыннан көрінді. Челябинск қаласында ұйымдастырылған ресейлік «Золотые аплодисменты IV» Халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырту алып, байқауда бірден екі фильмін ұсынған болатын. Нәтижесінде “Үздік қысқа метражды фильм” номинациясы бойынша жеңіске жеткен болатын. III Халықаралық студенттік фильмдер кинофестивалінде және "Бастау " киномектебінің ұйымдастыруымен қазылар құрамында болды. 2013 жылы қараша айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен "ВГИК" 33 халықаралық фестивалінде "Костюм" фильмімен бірге режиссер ретінде қатысып, зор тәжірибе жинаған болатын. Режиссер авторлық еткен "Костюм" кинофильмі интернационалдық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Шетелдік кино байқау Jameson Empire Awards 2014 сыйлығы шеңберінде әуесқой кинематографистер арасында "60 секунд ішінде түсіру" атты байқауға қатысып өз шеберлігін танытқан болатын. 2014 жылы Алматы қаласында өткенкКино сайыста Алдияр режиссерлік еткен "Өмір пи" фильміне түсірілген пародиясы жүлделі орынға екінші орынға ие болды.  Сол жылы Мәскеу шаһарында өткен "Святая Анна" халықаралық кинофестивалінде "Костюм" фильмі  Азия елдерінен байқауға қатысқан және үлкен экрандардан көрсетілген жалғыз картина болды. Сондай-ақ, дәл осы шығарма Нью-Йорк қаласында өткен Еуразиялық-Нью-Йорк кинофестиваліне қатысып, көрермендердің зор қошеметіне ие болған еді. Жас режиссер Алдияр режиссерлік еткен жоба Республикалық "Сыншылар таңдауы" кинопремиясынының шорт-парағына енгізілген болатын. Алдияра Байракимов пен Венера Қайыржанованың "4ый стул" кинотуындысы “Үздік ондыққа” еніп, табысты кинофильмдер қатарынан көрінген болатын. 2015 жылы "ЖасДидар" республикалық кинопремиясында дәл осы кино жобамен қатысып, "Үздік режиссура" және "Үздік монтаж" номинациялары бойынша жүлделі төртінші орыннан көрінді. 2016 жылы Алматыда ұйымдастырылған “Байқоңыр” қысқа метражды фильмдер кинофестивалінде “Хлоп-топ” кино композициясы “Үздік сценарий” номинациясы бойынша жеңіске жеткен еді. Сонымен қоса, Республикалық "Сыншылар таңдауы" кинопремиясында "Хлоп-Топ" қысқаметражды фильмі сыйлық шорт-парағына өткен болатын. Алдияр түсірген "Жидкий камень" картинасы 2017 жылы Алматыда өткен Республикалық "48 сағат ішінде түсіру" кино конкурсында барша өңірлер бойынша ұсынылған 320 жұмыстың ішінде екінші жүлделі орынға ие болды. 

Осылайша, “Отпуск в KZ” веб-сериалының авторлары бір-бірінен өткен  талантты киногерлер. Қазақстандық киноматографияда қаншама  еңбек етіп келе жатқан жас талант иелері аз уақыттың ішінде біршама жетістіктер мен табыстарға кенеліп отыр. Бұл өз ісіне деген шынайы махаббат пен адал жұмыстың арқасы болса керек. Алдағы уақытта жарыққа шығатын жаңа отандық картинаны көрермен асыға күтуде деген үміттеміз. Еліміздің көркем жерін паш ететін туынды еліміздің әрбір тұрғыны үшін аса бағалы әрі ыстық болатыны сөзсіз. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы