Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 қазан, 2020214

«Паола загадывает желание»  картинасының ағылшындық премьерасы өтеді

Отандық режиссер Жаннат Алшанованың «Паола загадывает желание» қысқа метрінің британдық премьерасы Leeds Film Fest  фестивалі аясында өтетін Луи ле Принс атындағы қысқаметражды фильмдер байқауында өтеді.  Бұл туралы режиссер өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Фильм күндердің бір күнінде өмірінде бір маңызды нәрсені жіберіп алғанын сезінетін Паола есімді әйелдің хикаясынан сыр шертеді. Картинада басты рөлдерді Кристина Просерпио, Ана Шаметаж және Валентина Манзиони сомдайды.  

Лидседе өтетін 34-ші Халықаралық кинофестиваль биыл  қарашаның 3-і мен 19-ы аралығында өтеді. Аталған шара онлайн және офлайн форматта өткізілуі жоспарланған. Leeds Film Fest  фестивалі аясында өтетін қысқаметражды фильмдер бағдарламасы биыл жеті байқаудан тұрады. Оған 52 елден барлығы 180 қысқаметражды фильм іріктеліп алынды. «Паола загадывает желание» фильмі қатысқалы отырған Луи ле Принс атындағы қысқаметражды фильмдер секциясында отандық режиссердің туындысынан бөлек, тағы 33 картина бақ сынамақ. Байқауларды эксперттік жюри бағалайды. Жеңімпаз атанған фильмдер LIFF 2020 фестивалінің соңына таман бөлек бағдарламада көрсетілетін болады.  

Айта кетейік, «Паола загадывает желание» фильмі белгілі венгерлік режиссер Бела Таррдың шеберханасында түсірілген, ал әлемдік премьерасы Швейцарияның Локарносында өтті. Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтарында картина Sundance Film Festival халықаралық кинофестивалінің негізгі бағдарламасына қатысты, ал өткен айда режиссердің туындысы Гуанахуатода (Мексика) өткен 23-ші Халықаралық кинофестивальде бас сынады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы